Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» Жедел хирургия бөлімшесі

Жедел хирургия бөлімшесі

Жедел хирургия бөлімшесі 30 стационарлық төсек орынға есептелген, әрбір палаталарда функционалдық төсектер орнатылған, отадан кейінгі және ауыр жағдайдағы науқастарға автоматтандырылған көпфункционалдық төсек орындар қарастырылған, оттегін жеткізу үшін консольдер қарастырылған, аспираторлар, дәрігер мен медбикелерді палатаға шықырту пультімен қамтамасыз етілген.

Бөлім меңгерушісі — жоғары санатты дәрігер-хирург

Аубакиров Ғалымжан Байжанович.

Бөлімше қызметкерлері кеуде қуысы мен іш қуысы ауруларында шұғыл және жоспарлы хирургиялық көмек көрсетеді, хирургиялық белсенділік 67% -дан асады. Жедел күндері пациенттерді ауруханаға жатқызу көрсеткішке байланысты қатаң жүргізіледі, стационарға түскеннен бастап диагностика және емдеу протоколдары бойынша толық тексеру жүргізіледі. Бөлімшеде жоспарлы және шұғыл хирургиялық араласу жұмысы атқарылады, асқыну кезінде өт жолдарының аз инвазивті хирургиясы қолданылады.Тәжірибеде инновациялық технологияларды кеңінен қолданады — операциялардың 80% -на дейін лапароскопиялық тәсілмен орындалады, науқастардың сауығу процессін әдеқайда оңай жеңілдетеді: операциядан кейінгі ауырлықты төмендетеді, науқастар операцияны әлдеқайда оңай өткізеді, операциядан кеін тезірек қалпына келеді және жұмысқа тез оралады.

Дәстүрлі спектрдегі шұғыл және жоспарлы операциялардан басқа, операциялық бөлімнің жоғары жинағына байланысты, өңеш диафрагмасының ашылуындағы жарықты жою, гемиколэктомия және т. б. мамндандырылған хирургиялық операциялар жасау жоспарлануда. Диабеттік табан синдромы бар науқастарға медициналық көмек көрсетіледі. Хирургия бөлімінде келесі операциялар жүргізіледі:лапароскопиялық холецистэктомия,іш қуысының жабысқақ ауруларында, ішкі мүшелер мен тіндерді жабысқақтарды жою барысында, аз зақымдауға мүмкіндік беретін аз инвазивті эндоскопиялық ем қолданылады,лапороскопиялық тәсілді қосумен бауыр эхинококкоздарынхирургиялық жолмен емдеу,барлықгерниопластика түрлерін емдеу қазіргі заманғы медициналық өнімдерді пайдалана отырып, жүзеге асырылады.


Хирургия бөлімшесінің медициналық персоналы.

Бөлімше М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің м.ғ.д. профессор Б. С. Жакиев және академик Н. И. Изимбергенов басшылығымен хирургиялық аурулар кафедрасының клиникалық базасы болып табылады.

Наши врачи
Ссылки