Жоспарлы хирургия бөлімі
Жоспарлы хирургиясы бөлімініңмеңгерушісі –
дәрігер-трансплантолог
Рысмаханов Мылтыкбай Сагинбекович
Жоспарланған хирургия және трансплантациялау бөлімі 2017 жылдың 2 мамырынан бастап жұмыс істейді. Құрылымның ашылуы алдында клиникалық практикаға жоғары технологиялық медициналық қызметтерді енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді: органдарды трансплантациялауға жаңа жабдықтар мен құралдарды сатып алуға және медициналық кадрларды даярлауға.
Жоспарлы хирургия бөлімінде хирургиялық араласу әртүрлі нозологияларда орындалады:
- өт қабына тас байлану, өт жолдарының патологиясы
- паразиттік және паразиттік емес бауыр жылауығы
- қалқанша безінің аурулары
- құрсақ қабырғасының жарықтары (дәстүрлі және лапароскопиялық жолмен)
- семіздікке байланысты операция (бариатриялық операция)
- көгет жарығындағы лапароскопиялық операциялар
- кадаверді донорынан бүйректі трансплантациялау
- тірі донордан бүйрек трансплантациялау
- тірі донордан бауыр трансплантациялау
- тірі донордан бауырдың бір бөлігін 3D лапароскопиялық алу
Жақын болашаққа арналған жоспарлар:
- 3D-лапароскопиялық операцияларды меңгеру және енгізу (нефрэктомия, бауыр резекциясы, диафрагмадағы операциялар және т. б.)
- ЖТМҚ(жоғары технологиялық медициналық қызметтер) бойынша операциялардың ауқымын кеңейту
- Батыс Қазақстан халқына жоғары білікті көмек көрсету
- Батыс Қазақстан транспланттау орталығын құру