Миссия:Медициналық қызмет көрсетуді уақтылы ұсыну арқылы, алдын алу, емдеу және оңалтудың заманауи әдістерін пайдалана отырып, халыққа жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
Болашаққа болжам:- Сапа менеджменті және үнемді өндірістің халықаралық стандарттарына негізделген, медициналық көмек көрсетудің озық жүйесі бар көпсалалы мемлекеттік клиника.
- Аймақтық медициналық туризм орталығы.
Мақсаттары:- Мемлекеттік денсаулық сақтау саясатын іске асыру шеңберінде, пациенттердің қажеттіліктеріне бағдарланған жоғары білікті медициналық көмек көрсету.
- Көрсетілетін медициналық қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жағдайында аурудыңалдын алу , диагностикалау, емдеу және оңалтудың тиімді жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Орталық міндеттері:- Жоғары тиімді медициналық технологияларды пайдалана отырып,балалар мен ересектерге амбулаториялық және стационар жағдайында, жоғары кеңес беру-диагностикалық және емдеу қызметтерін ұсыну.
- Бекітілген денсаулық сақтау стандартына сәйкес, пациенттердің құқықтарының қорғалуын, сапалы медициналық көмектің қол жетімділігін, қауіпсіздігі мен уақтылығынқамтамасыз ету.
- Халыққа медициналық қызмет көрсету және ұлттық денсаулық сақтау жобаларын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысу.
- Медицина саласындағы ғылыми дәлелдерге негізделе отырып, балалар және ересектерге алдын алу, диагностика ,емдеу мен оңалту процестеріне ғылым және инновациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу.
- Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес, медициналық қызметтің сапасын басқарудың тиімді жүйесін құру.
- Сапалы және қауіпсіз медициналық көмек көрсету үшін қажетті ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.
- Әрбір қызметкердің корпоративтік мәдениетті және сапаны басқару жүйесін жетілдіруге құзыреттілігін арттыру.
Біздің құндылықтар:- Пациентке назар аудару — пациенттің абыройы мен жеке басын құрметтеуге негізделген жоғары сапалы қызметтер көрсету үшін, әрбірпациенттің қажеттілігін бағалау.
- Пациент қауіпсіздігі — ол емдеу-диагностикалық процестіңқауіптерін барынша алдын алуын қамтамасыз ететін, сапалы медициналық көмектің маңызды компоненті.
- Жауапкершілік пен тұтастық — қызметкерлерді жарияланған қағидаларға және жоғары стандарттарға сәйкестендіру,пациенттер, әріптестер, серіктестерменқарым-қатынаста жоғары сенімділік деңгейін көрсету.
- Алқаластық — емдік- диагностикалық үдерісті қамтамасыз етудекөп тәртіптік тәсіл.
- Кәсіпқойлық — жоғары нәтижеге жету үшін, өзінің барлық білімі, дағдылары мен тәжірибесін үздіксіз оқыту мен дамытуғабағыттауға негіздеу.
- Әріптестік және ашықтық — денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен пациенттердің арасында, ашықтық пен сенім негізінде, өзара қарым-қатынас моделін қалыптастыру.