Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласының 2016 жылғы ең маңызды оқиғасы деп, медициналық кластердің құрылуын сеніммен айтуға болады. 2016 жылдың қыркүйегінде алғаш рет алыс және жақын шет елдердің медициналық ұйымдарының басшыларының, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының және Дүниежүзілік банктің өкілдерінің қатысуымен «Кластерлік медицина, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік. Халықаралық байланыстарды дамыту. Өңірлік денсаулық сақтаудың жаңа күн тәртібі» форумында өңірлік медициналық кластер құру Тұжырымдамасы таныстырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ақтөбе қаласын халықтың және инвестициялардың тартылыс орталығы жәнереспубликаның сапалы медициналық қызмет көрсететін урбанистік орталықтарының бірі ретінде дамыту міндетін қойды."Бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудың 100 нақты қадамы« Ұлттың жоспарында,медициналық мекемелерде корпоративтік басқаруды енгізу көзделген (81-қадам).
Облысәкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысымен Облыстық клиникалық аурухананы (ересектерге арналған стационар), облыстық балалар клиникалық ауруханасын (балалар ауруханасы) және кеңес беру-диагностикалық орталықты біріктіру арқылы,ауысымына 500 келушіге арналған 532 кереуеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы „Ақтөбе медициналық орталығы (Aktobe medical center)“ мемлекеттік кәсіпорын құрылған.
Меншік нысаны — шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
»Aktobe Medical Center« медициналық кластерін құрумақсаты-облыстың денсаулық сақтау секторын жаңғырту, Ақтөбе облысының және Батыс өңірінің тұрғындарының денсаулығын сақтау мен өмірінің сапасын арттыруүшін, бірегей сапалы медициналық қызметтер жиынтығы мен қамтамасыз ету болып табылады.
Кластерлік қызметтің басым бағыттары:
— медициналық кластерді басқару жүйесін құру;
— медициналық кластерлік ұйымдар ұсынатын бірегей медициналық қызметтер пакетін құру;
— алдыңғы қатарлы сапа стандарттарын енгізу;
— медициналық кластерлік инфрақұрылымды құру және дамыту;
— материалдық-техникалық жабдықтарды нығайту;
— бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту;
— дәрілік заттарды және медициналық техниканы тиімді пайдалану;
— ақпараттық технологияларды енгізу;
— инфрақұрылымды басқарудағы кластерлік тәсілді дамыту;
— медициналық кластердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ұсынылатын медициналық қызметтертізімі:
-бекітіп берілген халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсету (34000 адам)
— бір ауысымда 500 келуші, 11 ЖТД бөлімшеcі, 3 педиатрия бөлімшесі, 3 терапия бөлімшесі жұмыс істейді.
— балалар мен ересектерге16 бейін бойыншастационарлықкөмек. Кереует қоры — 532 орын.
— Мамандандырылған орталықтар жұмыс істейді-КДО базасында: ерлер денсаулығы орталығы, сурдологиялық орталық,гепатология орталығы, балалар стационары базасында: балалар отоларингологиясы орталығы,балалар гастроэнтерологиясы орталығы, балалар кардиологиясы және кардиохирургия орталығы,катамнез орталығы, ересектер стационары базасында:гастроэндоскопиялық орталық, нефрологиялық орталық.
— халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына арналған қымбат тұратын КТ / МРТ қызметтері, КДҚ-балалар мен ересектерге арналған оңалту, балаларға арналған стоматологиялық және травматологиялыққызметтер орны.
Медициналық кластердің құрамында екінші деңгейдегі инсульт орталығы, рентгенэндоваскулярлы зерттеу бөлімі, оның ішінде коронарлық тамырларға, аяқ-қолдардың перифериялық тамырларына және жатыр артерияларына интервенциялық араласуға жәнеперинатальды көмекті аймақтандыруға сәйкес үшінші деңгейдегі перзентхана жұмыс істейді. Аурухана базасында медициналық қызметтің ішкі нарығында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіледі. Жоғары технологиялық қызметтер келесі бейіндерде ұсынылады: педиатриялық кардиохирургия, травматология, урология, хирургия, трансплантология, аритмология, рентген эндоваскулярлық хирургия, травматология, нейрохирургия, қан-тамыр хирургиясы.
Қызметкерлер саны — 1855 адам, соның ішінде 450 дәрігер (24,6%), 728 медбике (39,3%), 420 санитар (22,6%), басқа қызметкерлер — 256 (13,5%).
Алдыңғы сапа стандарттарын енгізу:
Кластерлік ұйымдарда медициналық көмектің сапасын қамтамасыз етудің алғышарттары- сападағы алдыңғы қатарлы стандарттарды енгізу болып табылады.
Шетелден озық медициналық технологияларды беруді қамтамасыз ету үшін — Gangnam Severance Hospital (Сеул, Оңтүстік Корея Республикасы), Hemogens Health Care (Түркия), Сент-Луис Миссури штаты әлемдік деңгейдегі клиникалармен әріптестік туралы келісімдер жасалды.
Медициналық кластерді басқаруды бас дәрігерге жүктеледі, оның бағынышында ересектерге арналған стационардың медициналық директоры, балалар ауруханасы және клиникалық-диагностикалық орталық директорлары, сондай-ақ стратегиялық даму және дәрі саясаты бойынша директор, инновациялар, медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі директор, бас дәрігердің орынбасарлары, бірыңғай бухгалтерия және кадрлар бөлімі бар.
Медициналық кластердің басым бағыты — сапалы медициналық көмек көрсету, қолжетімділікті арттыру және ересектер мен балаларға арналған жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуді кеңейту, сонымен қатар әкімшілік және басқарушы аппараттан кадрларды оңтайландыру, перинаталды күтімді жетілдіру, аурухана кереует қорын қайта құру, медициналық технологияларды беру.
ШЖҚ „Ақтөбе медициналық орталығы“ МКК („Aktobe Medical Center“) бас дәрігері болып Рустем Канапиевич Исаев тағайындалды — денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, бұрын Хромтау аудандық ауруханасының бас дәрігері болды. Ол өзін-өзі басқарушы менеджер, жоғары білікті маман — анестезиолог-реаниматолог ретінде көрсетті, іскерлік әкімшілік ету магистрі дәрежесі (MBA) бар. „Қазақстан Конституциясына 20 жыл“, Н. И. Пирогов медалімен марапатталған, „Кәсiподаққа сіңірген енбегі үшін“ төс белгісі бар. Аудандық мәслихаттың депутаттығына бірнеше рет сайланған.
Медициналық орталықтың басқару құрылымы:
1. Бас дәрігер
2. Балаларға арналған аурухананың медициналық директоры
3. Ересектерге арналған аурухананың медициналық директоры
4. КДО медициналық директоры
5. Хирургия қызметі бойынша директордың орынбасары
6. Медицина қызметі сапасын бақылау жөніндегі директор
7. Стратегиялық даму және дәрі саясаты бойынша директор
8. Инновациялық технологиялар жөніндегі директор
9. Бас дәрігердің акушериялық-гинекологиялық көмегі бойынша орынбасары
10. Әкімшілік-шаруашылық бөлімнің директоры
11. Бас бухгалтер
12. Кадр бөлімінің басшысы