- На главную
- Контакты
- Вакансии
- Вход
- Меню
Алғыс
2.05.24ж.
Мен Жумабаева Дина Нурбулатовна.АМЦ ауруханасында жоспарлы хирургия бөлімінде Ота жасалдым.Грижа.Ота жасаған дәрігер бөлім меңгерушісі: Утеулин Нурбулат Есенгалиевич.Осы дәрігерге алғысым шексіз.Маған жақсы қараған медбикелер: Жуматова Тамара Жантлесовна. Утегулова Акерке Умирзаковна. Танирбергенова Нургуль Ильясовна.Сулеймен Аружан Кайратқызы. Маджитова Айгерім Кайратовна.Шажина Анаргуль Турегалиевна. Жубатханова Айнур Аяповна. Абибулла Назерке Садуакаскызы.Сейіт Асылбике Ерболқызы және ас таратушы Абдрахманова Камила Отегеновна.Ізтілеуова Арайлым Ғабиденқызы.Елеусизова Гульмира Алдабергеновна.Осы медперсоналдарға алғысым шексіз.Бөлімше тап таза.Медбикелер уйыктамай күні түні пациенттерді карайды.Мейірімді жандар барлығы.Улкен алғыс айтамын.Жоспарлы хирургия бөлімі тап-таза.Тып Тыныш.Жанға жайлы.Курортта жатқандай ем алдым.
2.05.24ж.
Ақтөбе медицина орталығының әкімшілігіне, Жаңабаев Бернат Қазмұханұлы басқарып отырған қан тамыр хирургиясы бөлімінің барлық қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамын. Ауырып келген кезде жылы жүзбен қабылдап, көрсеткен көмектеріңіз үшін алғысым шексіз. Өте жылдам жұмсақ қолыңызбен жасаған операциялық көмегіңіз үшін, мың алғыс сізге Бернат Қазмұханұлы ‼️сенімді, мейрімді қамқорлық жасаған емдеуші дәрігерлер Бисенов Ибрагим Ғалелұлына, Сұлтанғалиев Ерік Тұрақбаевичке , Алмагул Шамғонқызына мың алғыс‼️‼️Күндей күлімдеген жүздері, аялы алақандары үшін барлық мейірбикелерге мың алғыс‼️Іштің тазалығын , сәнін келтіретін барлық тазалықшыларға мың алғыс‼️ Қан тамырлары хирургиясы бөлімінің барлық мамандарына пациент ретінде жоғары, озық үлгідегі медицина мамандары деген баға беремін. Қырағылықтарыңыз, ұқыптылықтарыңыз, сабырлылықтарыңыз үшін, барлық пациенттерге жететін мейірімдеріңіз үшін мың алғыс. Денсаулық, бақыт, отбасы амандығын, тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті, табысты болсын. Алтын қолдарыңызға дерт бермесін ‼️‼️ Ізгі тілек білдіруші пациент Ибрашева Ә.К.
19.04.24ж.
Мен Қайбалдина Жанар Ақтөбе медицина орталығында операциядан кейін реабилитация өтіп жатырмын. Осы орайда ФУНКЦИОНАЛЬНАЯ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯ ЖАСАУ бөлімшесіне алғысымды айтқым келеді. Барлық отадан кейінгі аяққа тұрып кетуге бар ынта жігерлерімен жұмыс жасап жатқан, бөлімшенің барлық қызметкерлеріне қалтықсыз еңбектері үшін алғыс айтамын. Көзге көрінбейтін, еленбейтін ерен еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын.
17.04.24ж.
10.04.2024 ж. аяғымды баса алмай жедел жәрдеммен Ақтөбе медицина орталығына шұғыл жедел жәрдеммен түскен болатынмын. Бірден жан жақты көмек жасап, ем шараларын жасап, 15.04.2024 ж нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Кажгалиев Руслан Сансызбаевич, емдеуші дәрігер Дашкенов Аслан Бахитович, дәрігер Оразжан Абай Ералы, анастизиолог реаниматолог Меруерт Дүйсенқызы, отаны сәтті жасап шықты. Асқан шеберлік пен кәсіби мейірбандықтары үшін алғыс айтамын. Нейрохирургия бөлімшесінің ст метсестра Алена Жұмабайқызы, медбрат Алпамыс Асылбекұлы, медсестралар Айзат Алпамысқызы, Арайлым Жаңабайқызы, Мерей Тағыбергенқызы, Дильназ Қойлыбайқызы, санитарлар Зияда Сабырқызы, Ерасыл Ерланұлы, Дияс Мұстафаұлы, Аманжол Сарматайұлы, асхана қызметкерлері Жанар Бектұрғанқызына, Айдана Ардаққызына алғыс айтамын. Қалтықсыз еңбектері үшін, өз істерінің адал маман болғандары үшін, әр пациентке жанашырлық пен мейірбандықтарын төгіп, аяққа тұрып кетуге жағдай жасап жатқандары үшін алғыс айтамын.
19.03.24ж.
Врач-хирург Жасуланбек Батырбекұлы оның қарапайымдылығына барлық пациенттерге деген мұқият қарауына, кәсіпқойлылығына жәнеде уақытылы көрсетілген емшараларына зор алғысымды білдіремің. Қазір психикалық және физикалық жағдайым жаксарды. Сіздің тарапыңыздан көрсетілген жоғары деңгейдегі ем шараларыңызға өте ризамын. Кунсулу Муханбетовна
15.03.24ж.
Мен АМЦ, урологическое отделениеде ем алгам! Врач-уролог Ермекбаев Ғалымжан Масумовичке, Врач-резидент урологтар: Набиев Ақжан Рубекұлы,Киязбаев Нұрнияз Саятұлы на көөөп көп алғысымды білдіргім келіп тұр! Өте грамотный врачтар! Сіздердің жұмыстарыңыз үшін, кәсіби шеберлігіңіз бен қамқорлығыңыз үшін рахмет, мұндай врачтармен әрқашан тыныш. Врач Ғалымжан Масумович мені тыңдап,бәрін айтып, түсіндіріп берді. Операция жеңіл және тез өтті. Келесі күнде мен өзіме тез келдім. Қолы алтын врач👍🏻 Ақжан және Нұрнияз күнделікті келіп жағдайымды сұрап, өз қамқорлығын көрсетіп отырды! Урология бөліміндегі барлық медсестра врач барлықтарына алғысым шексіз! Анель Н.
14.02.24ж.
Шын жүректен АЛҒЫС.
Мен пациент Килибаева Айнагуль Амирбековна 29.01.2024 ж Ақтөбе медициналық орталығының жоспарлы хирургия және трансплантация бөліміне жоспарлы отамен жатқызылдым ота 30.01.2024ж жасалды өте сатті өтті біріншіден АЛЛА тағаланың, екіншіден ақ халатты абзал жан білікті, білімді дәрігер Жанәділ Әлмырзаұлының арқасында мың Алғыс сізге және осы бөлімшенің ұжымына атап айтсам бөлім меңгерушісі Утеулин Нұрболат Есенгалиевичке, дәрігер-хирург Мусин Ерлан Серікұлына, аға мейіргер Айтекеш Нұрсұлтан Берікқалиұлына, мейірбекелерге үлкен алғысымды білдіремін. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Еңбектеріңіз елене берсін. Әрдайым алғысқа бөлене беріңіздер. Еңбектеріңіз жемісті болсын.
6.02.24ж.
Мен Саналина Лаура Измагамбетовна 9.12.2023ж. АМЦ роддомнында Ай-Мария Айбеккызын дуниеге акелдим. Ал енді омиримди бастайын, сол кездеги босанганымды. Мен кызды босанган да тек уакытын естидим 6 30деген сосын баланын дауысын естигенин и врачтарды шакырындар деген дауысты естидим коп кан жогалттым. 4 Операция жасады, 5ши тамагыма жасады, осыны Мен алдын ала тусиме аян берди , сен пышакка тусесин деп 5 ушты дегенин пышак го, бирак аман калсан каласын деп, осынын бари АМЦнин профессорлары геникологтарга Даценттерге хирургтерге алгысым шексиз, директор АМЦ алгысым шексиз Ардак Бекетовна, заведующий Оразалиев Ержан Жабаевич, Ералы Амангелдиулы гинеколог заведующий, Ермагамбетов Камалхан Куанович, хирург Суиндиков Сагингалиевич, Куанышбаев Азамат Даутович гинеколог акушерлер, бас даригер Акатаева Анар Нагышбайкызы, Ординатор даригер акушер-гениколог Жамиева Айгул Ерболаткызы, Ординатор даригер акушер гениколог Мухамбеткалиева Гулмира Кылшниязкызы, Акушерства және геникология кафедра профессоры Шиканова Светлана Юрьевна, Акушерства жане гениколог 1 кафедра доценты Бахыт ЖарылгапкызыАлгысым шексиз биринши алла аруакты ата ажелерим молда аян берген тусимдегилер аман калдырган 2 ши врачтар, тума туыскандарыма баринеде алгысым шексиз сонын ишине киретин Ізим Жаркынбек, мед брат болашактар Рахат Рамазан Бердибекулы шексиз рахмет, ай олда бир хит болд менде Рамазан 😁тамагыма шлангаларма билмим айтеуир ишим нен жактыртпадым тура тур балем деп ишим нен сөйлейтін едім, бирак жаксы тазартып тамагымды, сосын рахмет дедим Рамазанга Ерген реанимации олда көмектесті. Сосын Асанова Адия рахмет коп коп, старший медсестра Саргузина Акмарал, Сатканова Акерке Тилеккызы, Сатканова Гулназ Тилеккыздарына рахмет осылардың барлык АМЦ реанимации болимшилерине алгысым шексиз рахмет! Есте калатындай омирим болды, сендерді умытпайм аман калдыргандарына шукир АМЦ алгысым шексиз.
4.02.24ж.
Саламатсыз ба? Мен қатты ауырсынумен АМЦ ауруханасына түскен едім. Шағымдарым: Оң жақты бүйрек шаншуы. Оң жақ несепағардың тасы. Кіші дәретке бара алмай қалдым. Осы АМЦ больницаның урология бөлшесінің , уролог Елдесбаев Нурлыбек дәрігеріне алғысымды айтқым келеді. Өте білікті дәрігердің маған ота жасағанына өте қуаныштымын. Дер кезінде ота жасағаны үшін рақметімді айтамын. Бірінші аллах, екінші осы дәрігердің арқасы. Түнде отадан шықтым, бүгін жағдайым шүкір жақсы. Қолы жеңіл екен. Науқастарыңыздың алғысына бөленіп жүре беріңіз. Жасап жатқан жұмысыңыздын берекесін көріңіз. Темиркулова Асем, 4 палата
1.02.24ж.
Шын жүректен «Ақтөбе медициналық орталығы» өзім жатып емделген «Жоспарлы хирургия » бөліміне алғысымды білдіремін. Ұжым өте білікті мамандармен және мейірімді мейірбикелермен мамандандырылған. Атап айтатын болсам бөлім меңгерушісі: Утеулин нурбулат Есенгалиевич. Транспантолог хирург: Рысмаханов Мылтықбай Сағынбекович. Құттымұратов Гани Муратович. Бөлімшенің аға мейіргері : Айтекеш Нұрсұлтан Берікқалиұлы. Мейірбикелер: Жуматова Тамара, Маджитова Айгерім, Сүлеймен Аружан, жәнеде ем-шара мейірбикесі: Танирбергенова Нұргулге алғыс білдіремін. Атап айтылған мамандарға отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілеймін. Әрдайым алғысқа бөлене беріңіздер. Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Құрметпен: донор және реципент:Дауылбаева Зухра Аскаровна,Галимжанов Канат Аскарович.
17.01.24ж.
Мен Елдизерова Нургул өз атымнан және отбасымның атынан шексіз алғыс білдіргіміз келеді.2024 жылы 6 қаңтар күні қатты ауырып АМЦ нейрохирургия Нхо бөліміне түстім.Бөлім меңгерушісі Кажгалиев Руслан Сансызбаевич,емдеуші дәрігер Оразжан Абай Ералиевич,Дашкенов Аслан Бахитович.Аға мейірбике Измаганбетова А.Ж,мейірбикелер Бектлеуова М.Т,Қорқынова А.Ж,Кариева Д.К.Адам баласы жанып шүберекке түйіп,еміне шипа іздеп келгенде НХО бөлімінің ақ халатты абзал жандар мейірімді,жылы жүздерімен қабыл алды.Бірінші Алла, екінші өз ісінің шебер,білікті мамандарының зор еңбегінің арқасында аман есен сәтті ота жасалды.Емдеуші дәрігерім Оразжан Абай Ералиевичке ерекше ыстық ықыласымды білдіремін. Болашағы жарқын білікті жас маман әлі талай емделушінің жанына араша болатыныңызға сенім білдіремін.НХО бөлімінің барша қызметкерлеріне шын көңілден алғыс білдіремін.Дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға амандық,еңбектеріңізге береке тілеймін.Әр емделушінің ыстық ықыласына бөлене беріңіздер. Елдизерова Нургул. 2-палата
28.12.23ж.
Мен Тулеубаев Даурен 4 желтоқсан күні операция жасаған Дәрігер: Нагина Айкерим Маматовна, дәрігер-резидент: Төремұрат Анар Бахытбекқызына өзімнің алғысымды білдіремін. Еңбектеріңіз адамдарға тек қуаныш пен шипа сыйласын. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, денсаулық, күш, бақыт және табыс тілеймін. ЛОР бөлімнің қызметкерлеріне рақметімді айта отырып, зор денсаулық, еңбектеріне жеміс тілеймін. Рақмет сіздерге.
25.12.23ж.
Дәрігерлерге арналған ерекше алғыс. Мен реципент Жайлыбай Максат Дарханович және әкем Тасимов Дархан Жайлибаевич (донор) бүйрек ауыстыру мақсатында «Ақтөбе медициналық орталығының», « Жоспарлы хирургия және трансплантация» бөлімшесіне 08. 12. 2023 келіп түстім. Алланың қалауымен 13.12.2023ж күні ота болып, отадан сәтті шығып, ақ халатты абзал жандарға өз алғысымызды білдіргіміз келіп отыр. Құрметті «Ақтөбе медициналық орталығының» ұжымы адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастарлеп құрметтеген. Дәрігерге ең қажеттісі-адамның денсаулығы, оның тағдыры. Үмітке үміт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататында осы ақ халатты абзал жандар. Осындай білім мен мейірімділікті ұштастыра білген ақ халатты абзал жандар сіздерге алғысымыз шексіз. Қай - қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2024 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2024 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспіз!
Болмасақта саф сөздің сұрмергені,
Аппақ тілек төгілсін кеудедегі.
Дәрігердің қадірін ұғындарды,
Кенеттен денсаулықтың сыр бергені.
Талай жасты еңсердік орта жасап,
Жеңіл тұрған ұйқыдан қандай ғажап.
Бауырымның бүйрегін маған салды,
Ақ халатты мамандар ота жасап.
Бұл саланың түпсізде тереңдігі,
Санамызға мәңгілік мекендеді.
Асыл жандар қызметтің асылдығы,
Денсаулық басты байлық екендігі.
Білімі мен біліктігі байқалғандар,
Жадау күнде жарыққа жайқалғандар.
Бүкіл елдің еңсесін көтеруде,
Ақтөбелік дәрігер майталмандар.
10.12.2023ж.
Мен, Кубланова Венера өзімнің жеке дәрігерім Рысмаханов Мылтықбай Сагынбековичке алғысым шексіз. Жоспарлы хирургия бөлімінің аға мейіргері Айтекеш Нұрсұлтан Берікқалиұлына, мейірбике қызметкерлеріне, санитаркаларға алғысым шексіз. Барлық жағдай жасалған. Ешқандай қабақ шытпай көмектесуге әзер тұрады. Палата күнделікті таза. Пациент денсаулығы үшін қолдарынан келген көмегін аянбайды. Жасаған жақсылықтары үшін рахмет. Кобланова В.
18.11.23ж.
АМЦ-перзентханасының реанимация бөліміне 28.11.2023 күні кешкісін ауыр преэклампсиямен екінші рет түскен болатынмын (бірінші рет 2021 жылдың 15 наурызында). Екі кезде де кезекшілікте болған дәрігерлерге, қарсылығыма қарамай, денсаулық жағдайымды дұрыс бағалап, дер кезінде оңды медициналық көмектерін көрсетіп, өміріме еш қатерсіз аман алып қалғандарына үлкен алғысымды білдіргім келеді! Сондай-ақ, хирург Тулеуф Гаухар Төлешқызы осымен екінші бөпемді аман-есен қолыма ұстатқаныңыз үшін үлкен рахмет! Келесі ерекше алғысымды өткен жолы да, осы жолы да жылы лебіздерімен, адал, кәсіби қызмет көрсеткен реанимация бөліміндегі Айнұр есімді және босанғаннан кейінгі бөлімдегі Эльмира есімді акушерлерге айтамын! Баршаңызға кәсіби шеберліктеріңіз үшін, қызметтік әдептеріңіз үшін, бастысы екі баламның және өзімнің өмірім мен амандығымыз үшін алғысым шексіз! Айтпақшы, 28.11.2023 күні алғашқы медициналық жедел жәрдем көрсетуге келген бригаданың фельдшерлері жас та болса біліктіліктерімен уақытылы әрі оңды көмек көрсеткенін атап өткенім жөн. Басшылықтарыңызға осындай қызметкерлеріңіз көп болсын дегім келеді.
6.11.23ж.
Өтініш беруші АМЦ ауруханасының барлық қызметкерлеріне алғысын білдіреді. Ол жерге жедел жәрдеммен жеткен. Соның ішінде бөлім меңгерушісі Светлана Хасенқызы Есекеева, қабылдаушыға, сонымен қатар барлық медбикелер мен қызмет көрсету қызметкерлеріне. Бір сөзбен айтқанда, бәрі тыным таппай жұмыс істейді. Қабылдау бөлімінің меңгерушісі Динара Коныратбаевнаға Кәрімолдаева да алғысын білдіреді. Пирзадаева Замзагуль.
Құрметті дәрігерлер!Бас дәрігер: Ерлан Бахытович Султангереевке, бөлім меңгерушілері Жанаргуль Сатгуловна, Талғат Тілекқабылұлы, емдеуші дәрігерлер Ардак Сапиевна, Алтын Мырзабеккызы, Улан Бериккалиұлы, орта буын аға медбикелер Ажар Бакбергеновна, Эмилия Жукеновна, кезекші м/б Бағлан, Айжан, Баян, Лаура, Димаш, Әділгерей барлық кардиология ұжымына айтар алғысымыз шексіз, өмір мен өлім арасында жатқанымызда, өмір сүруімізге дәнекер болған, аяғымыздан нық тұрғызған, осы ақ халатты абзал жандар. Бұл не қылған ғанибет, қандай шексіз бақыт. Бұл дәрігердің кәсібилігі, антқа адалдығы мен жылы жүрегі адамның тәнін ғана емес, жанын да емдейді. Әрдайым адамзат баласы өзінің тағдырын сеніп тапсыратын мамандықтарыңызды абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болып, аман-есен жүре беріңіздер. Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол, еңбектеріңізге толағай табыс, отбастарыңызға амандық, мол бақыт, ырыс-береке тілейміз. Ізгі ниетпен, ем алушылар: Бралова Б.,Балько Р., Сундетбекова Г.
Ақтөбе медициналық орталық ауруханасының кардиология бөлімшесінің Емдеуші дәрігері: Абдуллаева Ардақ Сапиевна, м/с қыздар күндізгі: Ақдана, Лаура, Зульфия, ас таратушы Самал, сестра хозяйка Кенже, тазалықшы қыздар Сара, Гулпараға пациенттер атынан абзал жандарға мың бір рахмет. Қол-аяқтарына дерт бермесін. Дендеріне саулық, отбастарына амандық тілей отырып, кәсіптеріне берекет берсін! Бақытты болсын!
Сақтаған Ж., Конратбаев Е., Туребаев И., Жумагелдин А.
9.10.23ж.
«Ақтөбе медициналық орталығының жоспарлы хирургия бөлімшесінің» ұжымына! Атап айтатын болсақ: Бас дәрігер: Султангереев Ерлан Бахытұлына. Бөлім меңгерушісі- Утеулин Нурбулат Есенгалиевич Хирург трансплантолог дәрігерлер- Рысмаханов Мылтықбай Сағынбекович. Құттымұратов Ғани Муратович, Әлмырзаұлы Жанаділ. Реаниматолог- Ермағамбетов Камалхан Куанович, Бөлімшенің аға мейіргері: Айтекеш Нұрсұлтан Берікқалиұлы. Мейірбикелер: Утегулова Ақерке, Сүлеймен Аружан, Маджитова Айгерим, Жуматова Тамара, Маджитова Айгерім, Танирбергенова Нұргул; Кіші қызметкерлер- Шажина Анаргүл, Баешева Марал, Сарсенова Маржан, Есенова Гүлжайна, Жұбатханова Айнұр; Ас таратушысы – Ізтілеуова Арайлым, Абдурахманова Комила. Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз қастерлеп, құрметтеген. Адам өмірін арашасы абзал жандар. Дәрігерге ең қажетті- адамның денсаулығы, оның тағдыры. Науқас адам жанына дәру іздеп, дәрігерге барары хақ. Үмітке үміт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын да осы ақ халатты абзал жандар. Осындай білім мен мейірімділікті ұштастыра білген ақ халатты абзал жандар сіздерге алғысым шексіз, отбасыларыңызға амандық, дендеріне саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін. Құрметпен, тілек білдіруші: Реципент Аймағамбет Еркебұлан және анасы Маханова Индира.
Мен Аманжолов Н. “Урология” бөлімшесінің барлық ұжымына алғыс айтамын. Емдеуші дәрігерім Сулейменов Куаныш Газетовичке және де барлық мейірбикелерге алғысымды айтамын,оның ішінде Айгерим,Диана, Айжан,Гульнара және де санитар Гулайым, Балуаншах ,Ғалымжан, Алтынай, Ерасыл осы жандарға өз алғысымды айтамын. Урология бөлімшесі ұжымына табыс, биіктен көрінулеріңізді тілеймін!
Мен Сапақов Б.Б. емдеуші дәрігерім Айтжанов Нурлан Жанбырбаевичқа алғысымды айтамын және дәрігер-резидент Қуаныш,Ақынға да алғысымды айтамын. Бөлімшедегі орта қызметкерлер Айгерим, Диана, Айжан, Гульнар, кіші қызметкерлер Гулайым, Алтынай, Ғалымжан, Ерасыл, Балуаншахқа рахметімді айтамын. “Урология” бөлімшесіне табыс,еңбектеріне жеміс тілеймін.
Мен Толегенов Толеш Толеужанұлы 4 ші қазанда жедел жәрдем арқылы Ақтөбе медициналық орталығына “Урология “ бөлімшесіне түстім. Тапсырған анализ нәтижесі бөтекеде және қуық жолында тас бар екені анықталды. Осы бөлімнің меңгерушісі Сулейменов Куаныш Газетович және дәрігер уролог Ермекбаев Ғалымжан Максумовичтің шұғыл іс-әрекетінің арқасында маған ота жасалды,ота өте сәтті өтті. Осы азаматтардың күндіз-түні еткен еңбектерінің арқасында бүгін емханадан шығамын деп отырмын. Ота жасаған азаматтарға менің алғысым шексіз. Әрқашан сіздерге алланың нұры жаусын.
6.10.23ж.
Мен пациент Байменова Динара Романқызы 19.10.2023 жылы Ақтөбе медициналық орталығының жоспарлы хирургия және трансплантация бөліміне жоспарлы отамен жатқызылдым ота 23.10.2023ж жасалды өте сәтті өтті әрине біріншіден АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ, екиншиден ақ халатты абзал жан білікті , білімді дәрігер МУСИН ЕРЛАН СЕРІКҰЛЫНЫҢ арқасында. Осы бөлімшенің медицина қызметкерлері мен кіші қызметкерлеріне өз алғысымды білдіргім келеді атап айтатын болсам бөлімше меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы Әлмырзаұлы Жанәділ, аға мейіргер Нұрсұлтан Берікқалиұлы, медбикелер Тамара Жантілесовна, Аружан Қайратқызы , Айгерим Қайратқызы, кіші қызметкерлер Гүлжайна, Айнұр, Анаргуль. Ас таратушылар Комила апа, Арайлым әр қайыссы өз істеріне адал жандар отбастарына амандық дендеріне саулық тілеймін. Осындай медицина қызметкерлері көп болсын. Ешкім ауырмасын .....
6.10.23ж. Мен, Анаркулова Сарыалтын мені емдеген Ақтөбе медициналық орталығының пульмонолог дәрігері Аян
Джумагалиевке өте ризамын. Жас болсада өте елгезек, жауапкершілігі мол дәрігер. Жұмысына үлкен жетістік тілеймін. Бақытты бол, балам! Ұжымның барлық коллективіне үлкен алғыс!Бәрі кішіпейіл,науқасқа деген
жанарларынан мейірімділік
көрінеді. Медбике
қыздардың қолдары сондай
жеңіл. Тамақ берген, тазалығымызды қадағалаған қыздардыңда орны бөлек! Бәріне алғыс! Бақытты больңыздар, айналайындар!
Алланың нуры жаусын!!!
Тілек білдіруші: Сара әже.
6.10.23ж.
Мен Қопай Сания Қопайқызы осы Ақтөбе қаласының турғынымын, 2009 жылдан бері сахарный диабет науқасымен ауырамын, соңғы уақытта науқасымның асқынуына байланысты осы больницаға қайта-қайта жатып жүрмін. 23-қыркүйектен бастап осы терапия бөлімінде емделіп жатырмын. Дәрігер Султанбекова Гульмира Амантаевнаға алғысым шексіз. Түскен күннен бастап,өзінің жылы сөздерімен ,науқасымның қалай болып тұрганын өте жақсы түсіндіріп ,емдей білді Дәрігер Гульмира Амантаевна өте білікті ,әрі қарапайым адам жүрегіне жылылық беріп жол таба білетін, науқастың барлық жағдайын түсінетін дәрігер. Ол кісі науқасты дәрілермен емес, сөзімен емдей білетін білікті дәрігер. Осы бөлімдегі барлық мейірбикелер мен тазалыөшыларға да алғысым шексіз, жұмыстарын қалтықсыз атқарды.
06.10.2023ж.
Алғысымды гинекология бөлімінің басшысы Бақтыбаев Ералы Амангельдиевичке және әріптестеріне білдіргім келеді. Мен 2.10.2023 ж емделіп шықтым, ауыр жағдайда тускеніме қарамастан, Ералы Амангельдиевичтің біліктілігінің арқасында әуелі Алла, ауыр операцияны сәтті өткізіп, операциядан кейінгі күндері де күнде жағдайымды сұрап, барлық, емдік шараларын жоғары деңгейде беріліп, емделдім. Әр емделушіге жанашырлықпен қарайды, сондай керемет ұжым. Медбикелері де күнде жағдайымызды сұрап,жұмыстарына тиянақты. Сіздерге зор денсаулық, амандық, бақыт тілей отыра, адал еңбектеріңізге мың алғыс. Ералы Амангельдиевич рақмет сізге, көрісе алмадым шығарда , алғысым шексіз. Ізгі тілекпен емделушіңіз: Ибрашева Гульдана.
4.10.23ж.
Мен Умирзаков А. И. 21.09.2023ж. оң жақ бүйрек шаншуымен АМО жатқызылдым. Мені Ермекбаев Ғалымжан Максумович жіті бақылауына алып, ем-шара жүргізді. Несепағардағы тастарды алу үшін отаны сәтті өткізді. Алғысым мол, кәсіби жетістіктерге жете беруіне тілектеспін. Және де Хакимов Ильдар Раисович, Айжан, Асия, т.б медбикелерге және тазалықшы санитар Гүлайым апаға ризашылығымды білдіремін. Барлығыңызға амандық, қызметтік табыс тілеймін.
2.10.23ж.
Мен, Есжанов Жарас, жасым 70-те, ұзақ жылдардан жүрек ауруымен ауырып, емделіп келемін. Осы уақытта сіздердің ауруханаларыңызда екі рет ем қабылдадым. Менің айтайын дегенім кардиология бөлімінің қызметкерлерінің өз істеріне адалдығына, адамдармен қарым-қатынасындағы мәдениеттілігіне, адамдарға қамқорлығы мен ізеттілігіне өте ризамын. Олар адамдарға деген жақсылық жасауды өздеріне мұрат тұтқан өз кәсіптерінің нағыз мамандары. Сіздерге деген ризашылығымды білдіре отырып, болашақта сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. 5 палата емделушілері: Жолдыбаев Нурлан, Қолыбай Жұмабек, Верлов Анатолий, Калмахан Тоқтар қосылады.
27.09.23ж.
Мен Есенжолова Ақсүйрек Аянқызы осы хирургия бөліміне ауырып 18.09.2023 жылы түстім. Дәрігерлер құрақ-ұшып қарсылап алып өт жолын емделдім. 22.09.2023-те операциядан өттім. Операция сәтті өтті. Хирург Әлихан, медсестра Алия, осы бөлім меңгерушісі Сүйіндіков Талғат, аға мейірбике Кадырова Жанар, Омарова Жанат, Тампишева Клара, Шанова Мадина, Урингалиева Лаура, хирург Сәтен Темирлан, Орынов Мейірғазы және кіші техничкаларға алғысым шексіз. Ұжым ұйымшыл, адамдар мен қарапайым қарым қатынаста . Ұжым жұмысы алға басып емдеген адамдары жазылып алғандары алғыс болсын. Отбасылары аман , енбектері елеулі болсын. Жолдары ашылып, еңбек жемісі көтеріле берсін. Емдері әр уақытта шипа болсын. Алғандары алғыс, үлкендерден бата болсын. Тек жақсылық болсын. Ақ жол тілеймін. Жұмыстарына сәттілік. Алғыс иесі: Есенжолова А.
14.09.23ж.
Алғыс айтқым келеді! Саламатсыздар ма?! Сіздердің парақша арқылы АМЦ босану бөлімінің гинеколог дәрігері Нурлан Нағашыбаевичке және акушерка Нұргүл ханымға (тегін ұмытып тұрмын) үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бірінші Алла, екінші аман есен босануыма себепші болған Нурлан Нағашыбаевич пен акушерка Нұргүл ханымға алғысым шексіз. Сіздерге Алланың нұры жаусын. Кесареводан кейін, симфизитім болсада өзім босанып, бәрі жеңіл өткені осы дәрігер мен акушерканың біліктіліктерінің арқасы деп білемін. Сіздер сияқты өз ісіне адал мамандар бар екені қуантады. Нурлан Нағашыбаевич, Нургүл ханым рахмет сіздерге! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер! Еңбектеріңіз бағалана берсін! Инста парақшасын білсеңіздер белгілеп жібересіздер ма?! Мен 5.09 босанып келесі күні шығып кеттім. Аман-есен босанғаныма рахметімді айтып та үлгермедім. Тағы да рахмет сіздерге! Жұмыстарыңызға табыс, отбастарыңызға амандық тіледім! 2-палата
13.09.23ж.
МенБектай Айдана Бауыржанқызы шын жүрекпен алғысымды нейрохирургия бөлімінің меңгерушісіне Узганов Ержан Есенгелдіұлына және де дәрігері Қажғалиев Руслан Сансызбайұлына алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, еңбекте жемістеріңіз көп болсын. Нейрохирургия бөлімінің ұжымынада ерекше алғысымды білдіремін. Басшысы жақсы бөлімінің барлық қызметкерлері өте жақсы, өздерінің міндеттерін жақсы орындап қана қоймай әр адаммен қарым-қатынастары жоғарғы деңгейде. Сол үшін барша ұжымға алғысым шексіз.
13.09.23ж.
Құрметті дәрігерлер! Бас дәрігер: Ерлан Бахытович Султангереевке, бөлім меңгерушілері Жанаргуль Сатгуловна, Талғат Тілекқабылұлы, емдеуші дәрігерлер Ардак Сапиевна, Алтын Мырзабеккызы, Улан Бериккалиұлы, орта буын аға медбикелер Ажар Бакбергеновна, Эмилия Жукеновна, кезекші м/б Бағлан, Айжан, Баян, Лаура, Димаш, Әділгерей барлық кардиология ұжымына айтар алғысымыз шексіз, өмір мен өлім арасында жатқанымызда, өмір сүруімізге дәнекер болған, аяғымыздан нық тұрғызған, осы ақ халатты абзал жандар. Бұл не қылған ғанибет, қандай шексіз бақыт. Бұл дәрігердің кәсібилігі, антқа адалдығы мен жылы жүрегі адамның тәнін ғана емес, жанын да емдейді. Әрдайым адамзат баласы өзінің тағдырын сеніп тапсыратын мамандықтарыңызды абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болып, аман-есен жүре беріңіздер. Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол, еңбектеріңізге толағай табыс, отбастарыңызға амандық, мол бақыт, ырыс-береке тілейміз.
Ізгі ниетпен, ем алушылар: Бралова Б., Балько Р., Сундетбекова Г.
Ақтөбе медициналық орталық ауруханасының кардиология бөлімшесінің Емдеуші дәрігері: Абдуллаева Ардақ Сапиевна, м/с қыздар күндізгі: Ақдана, Лаура, Зульфия, ас таратушы Самал, сестра хозяйка Кенже, тазалықшы қыздар Сара, Гулпараға пациенттер атынан абзал жандарға мың бір рахмет. Қол-аяқтарына дерт бермесін. Дендеріне саулық, отбастарына амандық тілей отырып, кәсіптеріне берекет берсін! Бақытты болсын! Сақтаған Ж., Конратбаев Е., Туребаев И., Жумагелдин А.
10.09.2023ж.
Мен Турлыбаева Аида Аблакимовна, 4- кыркуйеккуні травматология бөліміне «Разрыв мениска Д.О.А
2ст» диагнозымен тустім 06.09.2023 куні ота емдеуші травматолог-дәрігер Конысов Досмурат Кайырлиевичтің қатысуымен жасалды. Емдеуші дәрігерім Д.К. Қонысовка алғысым шексіз.
Емшара жасап операциядан кейінгі күтім жүргізген медбикелерге де, тазалықты жүргізген санитарларға да алғыс айтамын. Еңбектеріңіз елене берсін, отбасыларыңыз аман
болсын, ақ халатты абзал жандар! Турлыбаева А.А.
10.09.2023 ж.
Мен, Калиахметова Женисханым травматология-ортопедия ұжымына алғысым шексіз. Үлкен апалық рақметімді айтамын. Медбикелерге, кіші қызметкерлерге. Соның ішінде 08.09.2023 күні артроскопия отасын жасаған врач Конысов Досмурат Кайырлиевичке үлкен рақмет!!! Дендеріңізге саулық, отбасы бақытын, жұмыстарыңызға жеміс, табыс тілеймін. Елдің алғысына бөлене беріңіздер! Үлкен Рақмет!!!
Калиахметова Женисханым.
18.08.2023ж.
Мен, Жумин Арстангали және Досберген Ертай екеуміз 14-тамыз күнім келдіп түстік. Жоспарлы хирургия бөліміне және ем алып ота жасаттық бәрі осы медицина қызметкерлерінің арқасында сәтті өтті. Солардың ішінде Утеулин Нурбулат Есенгалиевич (бөлім меңгерушісі), Жумабеков Ербол Баяналиевич (дәрігер хирург). Айтекеш Нұрсұлтан Берікқалиұлы (аға мейіргер). Жәнеде мейірбикелерге, санитаркаларға ризалығымызды білдіреміз. Еңбекте жемісті болып және алғыс айтамыз.
18.08.2023ж.
Мен, Ембі қаласының тұрғыны маусым айында жолдасым Жаймов Исенбай ауыр халде АМЦ ауруханасының жансақтау бөлімінде ем қабылдадық.Со уақыттарда Маханбет, Айбек, Темірлан, Талғат, Жасыланбек атты ақ халатты абзал жандардан ем қабылдадық. Олардың өз ісіне деген сүйіспеншілігіне,ауырған жанға деген сөз жылулығын ,мейіріміне куә болдық.Нар тұлғалы Азаматтарға қызметтеріне көрсеткен шексіз алғысымызды айта отырып,сонымен қатар мейірбикелерге,кіші қызметкерлерге де жұмыстарына табыс,отбасыларына амандық тілеймін.
17.08.2023ж.
Біз 314 палата, қан тамыр хирургия бөлімінің пациенттері: Нурфайзова З.Г. және Мамбетова Замза осы бөлімшесіне алғысымыз шексіз. Бірінші алла, екінші осы бөлімнің дәрігерлеріне мың алғыс, алғысымыз шексіз. Адамға көңіл бөліп, тіл байлықтарына, адамның көңілін емдеп ауруымызды емдеп. Өте ризамыз, отадан кейін көңіл бөлгендеріне. Соның ішінде дәрігерлердің бәріне. Ерик Т. Алмагул Ш., Ибрагим Г. және де аға мейірбикелерге, медбраттарға, санитарларға. Бәріне, бәріне алғысымыз шексіз,поварларға да рахмет. Еңбектерің жемісті болып,қолдарыңыздың шипасымен ауруларын жазыла берсін. Дендерініз сау болып, отбастарың аман болып алға қойған мақсаттарын орындала берсін. Алланың нұры жаусын баршаңызға.Мамбетова З.К., Нурфайзова З.Г.
24.08.23г.
ҚҰРМЕТТІ: «Ақтөбе медициналық орталығы».
БАС ДӘРІГЕРІ: Султангереев Ерлан Бахытұлына.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ : Есенжулова Ардақ Бекетовнаға. Өзіміз жатып емделген «ЖОСПАРЛЫ ХИРУРГИЯ ЖӘНЕ ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ» бөлімшесіне алғысымызды білдіреміз. Бөлімше білікті дәрігерлермен, мейірбан мейірбикелермен мамандандырылғанын айтқым келеді. Соның ішінде: БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Утеулин Нурбулат Есенгалиевичке, ТРАНСПЛАНТОЛОГ ХИРУРГ: Рысмаханов Мылтықбай Сағынбековичке, Құттымұратов Ғани Муратовичке, Әлмырзаұлы Жанәділге. БӨЛІМШЕНІҢ АҒА МЕЙІРГЕРІ: Айтекеш Нұрсұлтан Берікқалиұлына. МЕЙІРБИКЕЛЕР: Тамара, Нургуль, Ақерке, Аружан, Айгерімдерге. Тазалыққа мән беріп күндіз-түні таза ұстаған: Маржан, Анаргуль, Гүлжайна,Айнұрсынды қызметкерлерге АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ. Еңбектеріңіз еселене берсін-деп мына шумақтарды сіздерге арнаймыз.
Болмасақта саф сөздің сұрмергені,
Аппақ тілек төгілсін кеудедегі.
Дәрігердің қадірін ұғындарды,
Кенеттен денсаулықтың сыр бергені.
Талай жасты еңсердік орта жасап,
Жеңіл тұрған ұйқыдан қандай ғажап.
Бауырымның бүйрегін маған салды,
Ақ халатты мамандар ота жасап.
Бұл саланың түпсізде тереңдігі,
Санамызға мәңгілік мекендеді.
Асыл жандар қызметтің асылдығы,
Денсаулық басты байлық екендігі.
Білімі мен біліктігі байқалғандар,
Жадау күнде жарыққа жайқалғандар.
Бүкіл елдің еңсесін көтеруде,
Ақтөбелік дәрігер майталмандар.
Мендік тілек осылай жымыңдады,
Алғыс еді іштегі мұның бәрі.
Аппақ халат секілді кеудедегі,
Жолдарыңыз ақ болсын ғұмырдағы.
Кұрметмен донор реципент: Палатова Марфуга, Палатова Куляш.
АТЫРАУ ҚАЛАСЫ.
17.08.2023ж.
Біз 314 палата ,қан тамыр хирургия бөлімінің пациенттері: Нурфайзова З.Г.және Мамбетова Замза К осы бөлімшесіне алғысымыз шексіз. Бірінші алла , екінші осы бөлімнің дәрігерлеріне мың алғыс, алғысымыз шексіз. Адамға көңіл бөліп , тіл байлықтарына , адамның көңілін емдеп ауруымызды емдеп. Өте ризамыз, отадан кейін көңіл бөлгендеріне. Соның ішінде дәрігерлердің бәріне. Ерик Т. Алмагул Ш. Ибрагим Г. және де аға мейірбикелерге , медбраттарға , санитарларға . Бәріне, бәріне алғысымыз шексіз,поварларға да рахмет. Еңбектерің жемісті болып,қолдарыңыздың шипасымен ауруларын жазыла берсін. Дендерініз сау болып, отбастарың аман болып алға қойған мақсаттарын орындала берсін. Алланың нұры жаусын баршаңызға.
Мамбетова З.К., Нурфайзова З.Г.
16.08.23ж.
Мен, емдеулші Бисембаева Нургуль Бердановна Ақтөбе медициналық орталыққа жоспарлы хирургия бөлімшесіне зоб диагнозымен түстім. Ота сәтті жасалып, енді медицина қызметкерлеріне алғыс айтқым келіп отыр. Бөлім меңгерушісі: Утеулин Нурбулат Есенгалиевичке , ота жасаған хирург дәрігерім Жумабеков Ербол Баяналиевичке үлкен алғысымды білдіремін. Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, әрқашанда биіктерден көріне берсін. Осы бөлімшенің аға мейіргері Нұрсұлтан Беріккалиевичке алғыс білдіремін. Отадан кейінгі ем домдарын жасаған медбикелер; Тамара, Нургул, Ақерке, Аружанға үлкен алғысымды білдіремін. Бөлімшенің тазалығына жауапты кіші қызметкерлерге де алғыс айтамын. Анаргул, Марал, Маржанға, Гүлжайнаға. Ақ халатты абзал жандарға барлықтарыңызға мың алғыс.
11.08.23ж.
МенАйтолық Орманова 2023 жылдың 31 шілдесінен 4 тамызға дейін ем қабылдадым. Ем уақытында жүргізілді. Аллергология бөлімшесінің кіші және үлкен қызметкерлеріне алғысым шексіз. Бөлімше өте таза, бәрі уақытында,ешқандай науқасқа қысымшылық жоқ. Сонымен қатар: Зав отд:Есекеева С.Х.
Емдеуші дәрігер Бисембаева Г.Ж. Ст мед сестра: Сейткалиева К.Ш. Медбикелер: Байтурова А, Тайбақан Ш, Төлеген А,Нурберген Н, Койшыгулова А, Майданбаева Ұ, Сарбалина Г, Айжарыкова А, Әбілгазиева А. Тазалықшылар: Молдабекова Ш, Базанова Ж, Ажгалиев Б, Тлепберген Н, Орынбасарова А, Ниязова А. Сіздерге көп көп рахмет. Денсаулықтарыңыз зор болсын. Алғандарыңыз алғыс болсын!
9.08.23ж.
Мен, Буркишева Жансая, 4 палатадағы науқас ,өз алғысымды хирург-дәрігерлер Таганов Жасланбек Батырбекұлына, Сүйіндіков Талғат Сағынғалиевич, медбикелер Абилдаева Алия, Омарова Жанат, Урынгалиева Лаура, медбрат Жайшылықов Абылайға білдіргім келіп отыр. Мені өлім аузынан алып қалған Жасланбек пен Талғатқа алғысым шексіз. Алла разы болсын, өте мәдениетті, адаммен сөйлескендегі қарым-қатынасы өте жоғары дәрежеде науқасқа операцияға кірген кезде, жылы сөздерімен күш-жігер береді, қорқып отырған науқасқа жылы бір сөзбен-ақ сенімділікті ұялатады. Жасланбек палатаға кіргенде күліп, біздер сөйлескенде жазылып мәз боламыз. Қайырымды мейірімді жан. Әлия, Жанат,Лауралар өз істерінің маманы, науқаспентіл табыса біледі, ұрсып зекімей, мәдениетті сөйлейді. Психологиялық тұрғыдан бізге жылы сөздері үлкен күш береді, сонымен қатар, Абылай жұмсағанда, шақырғанда, көмек сұрағанда тез арада қасыңнан табылады. Жиіркенбец, үлкен, кіші дәретті тазалайды, ренжімей, жұлынбай, жылы шыраймен, ұялмаңыз деп айтып жуып, шәйәді. Шаңмен демалмаңдар деп , палатаның қуыс-қуысына дейін жуады. Негізгі отаны 7дәрігер жасаған екен, бәрін білмесем де, бәріне алғысымды айтамын. Жасұланбек пен Талғат сияқты абзал жанды , науқасқа жаны ашитын дәрігерлер көп болсын!!! Барлық экстендық хирургия бөлімінің ұжымына денсаулық тілеймін! Отбасыларына амандық, шығармашылық табыс тілеймін!!! Алла барлығыңызға разы болсын!!! Тілек білдіруші: Буркишева Жансая Кадыргалиевна.
7.08.23ж.
Біздер,1 палата науқастары хирургтер Таганов Жасуланбек Батырбекұлына, Сәтен Темірлан Оспанұлына , Орынов Мейірғазы Әбілғазыұлына, медбикелер: Абилдаева Алия , Омарова Жанат, мейіргер Жайшылықов Абылайға алғысымыз шексіз. Өз мамандарының иесі, мейірімді , қайырымды, абзал Жандарға үлкен рахмет!! Науқастармен өте мәдениетті сөйлейді, уколды өте ауыртпай салады, қайта-қайта келіп, жағдайыңды сұрайды. Палаталарды өте таза ұстайды. Отбасыларына денсаулық, амандық тілейміз. Жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер! Адам жанын алып қалатын сіздердей Абзал жандарға алғысымыз шексіз. Басымызды иеміз.
Дюсова Замзагуль Есбосынова, Жаңалыққызы Мөлдір, Имашева Индира Мұратқызы, Қуанышалина Диана Елубаевна.
3.08.23ж.
МенНысанбаева Роза Исмаиловна Ақтөбе қаласының тұрғыны. Жасым 65те. Ақтөбе облыстық ауруханасына түскеніме 6-шы күн. Қан қысымының көтерілуімен. Келген күнге қарағанда жағдайым жақсы. Өзімнің ыстық ықыласымды білдіруді жөн көрдім. Кардиология бөлімінде кілең жастар. Бірінен бірін бөліп жарып қарауға болмайды. Бөлім меңгерушісінен бастап, аға мейірбике, дәрігерлер, орта-кіші медицина мамандары, ас бөліміндегі мамандар өз ісінің нағыз мамандары. Кіші пейіл. Қызметтеріне адал. Елімізде, қаламызда медицина саласы дамып өркендей берсін.Коллективке тілерім: -Дендері сау, отбасылары аман. Қызметте биіктерден көрініп абыройлы болсын.
30.07.23ж.
Мен зейнеткер Тулеушова Дариға Қанатқызы қатты науқастанып 27 шілде күні 2023 ж. Ақтөбе медициналық Орталығының хирургия бөлімшесіне түстім , жедел жәрдеммен. Маған ақ жарқын жүздерімен , ем-дәмдарымен көмек көрсеткен төмендегі дәрігерлеріме Алғысым шексіз. Емделуші дәрігер: Орынов Мейірғазы Әбілғазыұлына Медбике: Абилдаева Алия Урингалиева Лаура, Омарова Жанатқа, сонымен қатар кіші медицина қызметкерлеріне Әбжанова Аминаға , Абылай ұлыма, Зоя, Гулжанат, Айым, сауығып аман-сау үйіме кетіп бара жатып, осы жандардың дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектерінің әрдайым биіктен көрінсін деген алғысым шексіз. Алғысым шексіз. Алла разы болсын, жақын жандарым.
27. 07. 2023 жыл
МенСарбас Ж. Е. 20.07.2023жыл жоспарлы хирургия бөліміне эхинококковая киста печени диагнозымен түстім. Мені бөлім меңгерушісі Утеулин Нурбулат Есенгалиұлы қабылдап алды. Өз ісінің білікті маманы, адамдармен жақсы лебізде сөйлеседі. Жоспарлы хирургия бөліміне айтар алғысым шексіз. Медбикелер Сүлеймен Аружан Қайратқызы, Танирбергенова Нургул Ильясовна тазалықшылар Сапаргалиева Айнұр Амангелдіқызына алғыстарым шексіз. Жоспарлы хирургия бөлімі өте таза, жарық, душ ыссы су, мұздай су бәрі қамтылған. Істеген істеріңіз бір Алладан қайтсын. Отбастарынызбен бақытты болыңыздар.
26.07.2023 жыл
МенМаймакова Любовь Субалаковна 19 шілде 2023 жылы жоспарлы хирургия бөліміне диагноз грыжамен түстім. Мені Утеулин Нурбулат Есенгалиевич қабылдады. Жоспарлы хирургия бөліміне айтар алғысым шексіз. Палаталар таза, жарық, туалет пен душь жұмыс жасайды. Тамара мейірбике жақсы, мен сахарный диабет, ІІ- степений өте ризамын, осындай Ақтөбе медициналық орталығы барына. Енді операция бөлімі жақсы жабдықталған, жаңа технология, аппараттар. Өз атымнан хирургтарға, медсестраларға және санитаркаларға алғыс өте шексіз. Еңбектерің жемісті болсын. Дендерің сау болсын. Бақытты болыңдар.
29.05.2023 ж.
Құрметті «жан сақтау» бөлімі мен « қан тамырлары» бөлімінің қызыметкерлері сіздерге аналық алғысымды айтамын. 13 – күн жатқанда сендердың тынымсыз еңбектерің мен жылы жұмсақ мейірімдеріңның арқасында аяққа тұрып, қайтып барам. Айтар алғысым шексіз. Алла дендеріне саулық, отбастарына амандық берсін.Еңбектерің Алладан қайтсын. Ел алғысын ала беріңдер.Қолдарыңа дерт бермесін. Келе жатқан мерекелерің құтты болсын!
19.05.2023 жыл
Мен Бажаканова Жамал Ақтөбе медицина орталығының жоспарлы хирургия бөлімінің ақ халатты абзал жандарына алғысым шексіз. Соның ішінде Рысмаханов Мылтықбай Сағынбековичке хирург трансплантолог Сізге мың алғыс, әрқашан көмектесіп, сұраған сұрақтарыма жай дауыспен жауап береді, ешқандай ашу, дауыс көтеріп сөйлеу деген жоқ. Мылтыкбай Сагынбекович Сіздің отбасыңызға береке-бірлік, зор денсаулық, еңбегіңіз әр уақытта жемісті болып, бағаланып, әрбір бастамаларыңызға тек сәттілік пен жетістіктер тілеймін. Сонымен қатар аға мейіргер Айтекеш Нұрсұлтан Берікқалиұлына, медбикелер, Ақерке, Айгерім, Аружан, Тамараға көп-көп рахмет айтамын, мен осы ауруханаға 3 рет жатып шықтым, әр уақытта мейірбикелер көмекке келіп тұрады, бүкіл жағдайымызды орындап сол үшін оларға мың алғыс айтамын. Денсаулықтары мықты болып, отбасыларына амандық, еңбектеріне зор шабыт тілеймін. Жоспарлы хирургияның ақ халатты абзал жандарына басымды иіп алғыс айтамын.
Бажаканова Ж.Ж.
5.04.2023 ж. ауырып, осы емханаға түстім. Қазір жағдайым жақсы, шүкірмін. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз! Емдеуші дәрігерім Евгения Николаевна ханымға, барлық кезекші мейірбикелерге, санитарларға көп-көп рақмет. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, еңбектеріңіз жемісті болып, тек биіктерден көріне беріңіздер! Ораза айындағы тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Аман жүріңіздер! Исаева Ж.Д.
Инсульт орталығының бөлім меңгерушісі Нурбакыт Карытжановна Сериковаға, емдеуші дәрігер Раушан Сериковнаға өте сыпайы, адам жанын түсінетін, сөзімен-ақ адамды емдейді, алғысым шексіз! Көп рақмет! Еңбектеріңіз жемісті болсын!!!
1. Массажист – Нұрбек Алтаевичке
2. Иглотерапевт – Амангельды Танирбергеновке
3. Медбикелер – Айнур, Дильназ, Гүлхан
4. Санитарка – Айгүлге
5. Буфетчица – Ұлболсынға
Бәріне көр рақмет! Алғысым шексіз! Еңбектеріңіз жана берсін!
5.02.23ж.
Изимов Нурлан Биласарович бәрін өз қолына алды, өте жақсы дәрігер, акушерка Роза апай, басынан аяғына дейін үлкен алғысымды білдіремін, босануға көмектесті. Сондай-ақ аурухана ұжымына, бас медбике Гүлмира Амангелдіқызына қамқорлық пен ілтипат үшін үлкен алғыс Сәңкібаевтар отбасынан (Сәңкібаева Гаухар).
16.01.23ж.
Саламатсызба! Мен Игилманова Асель Беисенбиевна, 26.12.2022 - 16.01.2023 ж. урология бөліміне почкам приступ ұстап түстим. Урология бөлімінің меңгерушісі Сулейменов Куаныш Газетович, Саркулов Марат және емдеуші дәрігер Алишер Мұқаш Темирханович және Талғат Абатович, Айтжанов Нурлан және медбикелер Асия, Дияна Айгерим, Махаббат, Аяулым, Самал, медбарат Бейбарыс, Асылжан және тазалық меңгерушісі Алтынай, Гулайым апа, Жанат, ас таратушы Сауле апага урология бөлімінің ұжымына рақмет айтамын. Жұмыстарын жемісін көріңіздер, адамгершілік қасиеттері өте жоғары, әрбір науқастың жағдайын сұрап таңертен жұмысқа келген бойда көңілді көтеріп жіберді, палаталары таза. Емдеуші дәрігеріме Алишер Темирхановичке көп-көп рақмет! Демалысқа қарамай менің денсаулығымды жазылып кетуме кадағалап, жұмысына адал еңбекқор азамат сіздей дәрігерлер көп болсын. Урология бөліміне көп-көп рақмет!
Игилманова Асель Беисенбиевна
16.01.23ж.
МенБерденова Анаргуль Советовна 7 куні түстім. АҚҚ 220 мен тустім, міне 16 қаңтар күні шығып барамын, көп-көп рахмет айтамын мына мед персоналдарға :
Нурбакыт Карытжановна
Айжанат Тнсбековна
Аяулым Бергенқызы
Айнұр Жанатайқызы
және т.б қызметкерлерге өз отбасымның атынан Рақмет айтамын. 129 палата атынан Рақмет көп-көп !!!
5.02.23ж.
МенТәңірбергенов Ниязмағамбет инсульт науқаспен 30.01.2023ж. обл аурухананың инсульт бөліміне түстім. Бөлім меңгерушісі және емдеуші дәрігер Нұрбақыт Карытжановна, дәрігер Айнур Ганиевна, мейірбикелер: Дильнура, Кулаш, Бағдагүл, Дильназ, Гүлхан, Аяулым, Айнұр біздерге, жалпы науқастарға адал қызмет жасады. Сондықтан осы аталған мед. қызметкерлерге алғысымды білдіремін.
8.02.23ж.
Мен,Темирбаева Алматай Зинуллиевна осы ауруханаға 23 қаңтар 2023 күні ауырып ауыр халде түстім. Нейробиттің ұжымына көп алғыс айтамын. Инсульт орталығы ұжымына да алғысым шексіз.Өте білікті, білімді мамандар өз жұмыстарын жақсы атқарып, менің өмірімді құтқарды. Дәрігер Нұрбакыт Карытжановнаға рахмет, келіп жағдайымды сұрап, жақсарып шығуыма көп көмегін тигізді.
14.12.22ж.
Хирург онколог Жумабеков Ербол Баяналиевич, учаскелік терапевт Сабирова Ильмира Елтаевна, эндокринолог Алибаева Арайлым Алимжановнаға, медбике Өтебаева Мира Асқарқызына алғыс айтқым келеді. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Ағымдағы жылдың 1желтоқсанында маған операция жасалды, емдеуші дәрігері Жумабеков Ербол Баяналиевич операция жасап, одан әрі бір апта бойына өзі келіп күнде қадағалап отырды, өте білікті, тәжірибелі маман. Биіктен көріне беріңіздер, ақ халатты абзал жандар халықтың алғысын алып, аман жүріңіздер! Сонымен қатар, осы клиниканың хирургиялық бөлімшесінің дәрігерлері мен медбикелеріне алғыс айтамын.
Алғыс білдіруші Жанұзақ Алтынгүл Төлебайқызы.
21.10.22г.
Ақтөбе медициналық орталығы Бас дәрігері Сұлтангереев Ерлан Бақытұлы басшылық етіп отырған" Жоспарлы хирургия "бөлімінің ұжымына
Алғыс хат
Бөлім меңгерушісі Жұмабеков Ербол Баянәліұлы, анестезиолог Қасым Жанболат Боранұлы, өзіме ота жасаған хирург Мусин Ерлан Серікұлына алғысым шексіз !!!
Жанымызды шүберекке түйіп барғанда бірінші Алла-тағала, екінші адам жанының арашасы ақ халатты абзал жандарға қандай да бір мадақ-марапаттар артық емес деп ойлаймын.Ең бірінші олардың біліктілігі өз мамандығын сүйетін адал атқаратын өз ісінің шебері, адамгершілігі мол, әр бір пациентке жеке көңіл бөліп шағымына сабырлылық пен жауапкершілік пен қарайтын азаматтар екенін атап өткім келеді.Соны мен бірге осы ұжымның орта буын қызметкерлері Тамара, Аружан, Айгерім,Нұргүл,Ақерке,кіші буын қызметкерлері Маржангүл, Ақтоты қыздарыма да алғысымды білдіремін.
Алдымызда келе жатқан 25-қазан Республика күні мен құттықтаймын, от бастарыңа амандық,деніңізге саулық,кәсібіңізден береке, абырой, халық алғысына бөлене беріңіз.
12.10.2022ж ота жасаған пациентіңіз зейнеткер медбике Ильясова Жазира Боханқызы.
Ақтөбе қаласы. Алматы ауданы.
Қарғалы селосы тұрғыны.
@zhazira_ilyasova
4.10.2022г.
Ақтөбе медициналық орталығының жоспарлы хирургия бөлімшесінің ұжымына алғысым шексіз!
Атап айтатын болсам: бас дәрігер Султангереев Ерлан Бахитович.
Бөлім меңгерушісі: Аубакиров Ғалымжан Байжанович.
Хирург- трансплантолог дәрігерлер: Рысмаханов Мылтықбай Сагынбекович,
Құттымұратов Ғани Маратович, Әлмырзаұлы Жанәділ.
Бөлімшенің аға мейіргері: Айтекеш Нұрсұлтан Берікқалиұлы.
Медбикелер: Пангереева Жанар, Сүлеймен Аружан, Маджитова Айгерім, Жуматова Тамара, Тәңірбергенова Нұргүл.
Кіші қызметкерлер: Сәрсенова Маржангүл, Алдашева Ақтоты.
Ас таратушы: Абдрахманова Камила.
Арашасы адамзаттың дәрігер,
Алладан соң қаралатын ел сенер.
Ота жасап ауруларға шипалы,
Жылы сөзбен қолдап саған дем берер.
Алғысымыз шексіз сізге айтылар,
Өмір жалғап адамзатқа ұмтылар.
Әлемдегі бар байлықты тілейміз,
Ұрпағыңыз жақсылықпен қамтылар.
Анасынан алып ағза қызына,
Орнаттыңыз бөтекені орнына.
Арқасында сәтті шыққан отаның,
Алла қолдап дерт бермесін қолыңа.
Ұжымменен атқарылар шара бұл,
Арналады ұжымға бұл жаңа жыр.
Денсаулықта аман жүрсін әрқашан,
Орталықтың әр мүшесі маман бұл.
Сәлем сізгер Жаңғаладан жалынды,
Мамандарға дәрігерге дарынды.
Алла қолдап ұзақ ғұмыр кешіңдер.
Өмір сыйлап науқастарға нанымды.
Құрметпен: реципент Махсотова А. Н. және анасы Даулеткалиева А.Б.
30.09.2022 ж.
Сізден, осы аурухананың нейрохирургия бөлімінің бөлім меңгерушісі Узганов Ержан Есенгельдинович, емдеуші дәрігер Оразжан Абай Ералыұлы, дәрігер Кажгалиев Руслан Сансызбаевич, резидент Гиззатов Адилет Рапикович. Осы қызметкерлерді ақшалай немесе басқалай түрімен марапаттауыңызды сұраймын. Себебі, осы қызметкерлер өздеріне берілген қызметтеріне адал екенін көрсете біледі. Менің 2-ші топ мүгедек екенімді біліп кемсітпей адамгершілік танытты. Маған 27-ші қыркүйек күні беліме ота жасалды. Осы дәрігерлердің арқасында мен қазір өзімді жақсы сезініп,екі аяғыммен жүріп жүрмін. Осы қызметкерлерге тілейтінім, жан-ұяларына құт береке және де қызметтеріне адал кәсіп тілеймін.Көп-көп рахметімді айтқым келеді.
Күздибаев Ерен Скакович, 2-топ мүгедегі
20.09.2022г.Берген ем-домдарын,уколдарын,дәрі-дәрмектерін уақытылы салып күні-түні аянбай еңбек етіп жүрген аға ембике Жұмабаева Алёна,ембикелер Мергенова Гүлнұр,Мұхабдинова Бірлік,Жұмашева Асияларға сонымен қатар тазалық қызметін көрсетіп жүрген Жұмалина Айнұр,Ержанова Жанар,Керімбаева Ағзия және тамақ жеткізіп беруші Абдукаримова Айданаларға ағалық жүрегімнен алғыс арнағым келеді.Жүздерінен қуаныш сезіліп жүретін,адамдармен тіл табысып оларға бар жағдайларын жасап жүрген осындай қызметкерлерге рахметімді айтқым келеді.Бөлімшенің қызметкерлеріне алдағы уақытта да адамның денсаулығын түзету жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.Отбастарыңызға амандық,еңбектеріңізге табыс.тіледім адам жанының арашашысы болып жүрген жақсы жандарым!!! Осы алғысымды жеткізуді азаматтық борышым деп түсіндім. Сіздерді әрқашан биіктерден көре берейін.
Алғыс иесі: Базаров Кайргали Кабдыгалиевич
20.09.2022г.Адамның басты байлығы денсаулығы екені белгілі.Ал сол денсаулығың сыр беріп жаның қиналғанда ең бірінші дәрігерлерге жүгінетініміз ақиқат.Менде белімнен грыжа шығып екі аяғымды баса алмай облыстық аурухананың нейрохирургия бөліміне түстім.Мені осы бөлімнің меңгерушісі Узганов Ержан Есенгельдинович қарап ота жасау жөнінде шешім қабылдады.Жасалған күннің ертеңінде-ақ аяғыма тұрып жүре бастадым.Менің ауруханада жатып сауығып кетуіме бар күш-жігерлерін салып қадағалап жүрген дәрігерлер Ержан Узгановқа,Дашкенов Асылан,Оразжан Абай,Мыңжасар Амангелді,Кажгалиев Русланға,дәрігерлердің анықтап жазып
5.08.2022г.Мен сіздің роддомда 5 август күні,Алланың қалауымен 7 айлық қылып баламды босандым. Босану кезінде қасымда турып, балам дүниеге келген бойда бірден уақыт жоғалтпай өз ісін адал атқарған, балама бірден көмек көрсеткен реанимацияның меңгерушісі Толқын Сабитқызына алғысымды айтамын. Сонымен қатар, реанимацияда 10 кун бойы баламның жағдайыг бақылап, өз қызметтерін бұлжытпай атқарып тұрған Гулмира апай, Айман апай, Санима, Лаура, Асельге рахмет.
Айсауле Серікқызы да өз ісінің нағыз маманы. Алғысым шексіз. Одан бөлек, ОПН меңгерушісі Гулжанар Нурлыбековнаға улкен алғыс. Сол отделениеде 18 кун жаттық балам екеуіміз. Жүзі жылы, адамға мейірімділік танытып, жанашыр болыр тұратын кісі екен. Біз сияқты уайыммен тұрған аналар сондай мейірімділікке, жылы сөзге мұқтаж болып тұрамыз. Нурлыбековна сондай адам. Жұмысын өте тиянақты аткарады. Алғыс.Опн-ның медсестралары Асима апай, Жұлдыз апай және Молдирге улкееен рахмет. Өте жұмсақ, мейірімді жандар. Осы сіздің ұжымдағы аты аталған МАМАНДАРҒА зор денсаулық, жұмыстарына абырой, берекелі табыс тілеймін. Осындай жауапкершілігі мол жұмыстарыңызды абыроймен алып жүре беріңіздер. Алла сіздерді қуаныш пен нұрына бөлесін. Алғысым шексіз.
Т/б: Тлеубаева Г.
01.06.2022ж.
Бөлім меңгерушісі Ишимова Болған Тапашевнаға.Емдеуші дәрігер Қанназарова Шолпан Серікқызына. Аға мейірбике Ильясова Майра Қазбековнаға. Мейірбикелер Айгерім, Света, Айдана, Аида, Гулдана. Санитарлар Даша, Багдагуль, Амина, Айнагуль, Лиза, Нұрбек, Нұрбол. Ас таратушы Еркегуль. Аса құрметті барлық терапия бөлімінің ұжымына алғысым шексіз. Еңбектерің жемісті болсын!
Ризашылықпен:Калданова Ботакуз Беисовна.
Лечениесіне қараған Умирбеков Ерлан Пернебекович. Анестезиолог реаниматологтар Нургали Кайрат Бегайдарович медсестра қыздар Жұлдыз, Ақерке, Мейрамгуль, санитарка апайлар Амина, Айнұр осы кісілерге көп-көп рахмет айтқым келіп отыр. Бірінші Алла екінші осы кісілердің көмегі болды. Хирургия бөліміндегі врач медсестраларға жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер.Ергалиева Г.Қ.
Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.
Тілек білдіруші: Қалдыбековтар отбасы!18.02.2022ж.
Өлең басын дәрігер деп,
Дәрігерден бастайын.
Жақсылап, мақтап, сол бір жанды,
Өлеңіме жазайын.
Келер келіп, келер кетпес?
Ер жігіттің басына.
Келіп қалдын үйстіп жүгіру
Ақтөбе қаласының қасына.
Негізі келіп едім мен,
Әскерге служить етуге.
Денсаулығым алып келді
Ем ханаға жетуге.
Ауырмайтын адам бар ма?
Осы жердің бетінде!
Операция жасаттым мен,
Грыжа дейтін дертіме.
Ота шүкір сәтті өтті,
Сәтсіз деуге бола ма?
Қызықты қылып өткізгені үшін,
Рахмет айтам Ербол ағама!
Отам өтіп жатқан кезде,
Ербол аға жалғыз болмады,
Ербол ағам шаршамаз үшін,
Жанәділ аға қосылды.
Рахмет айтам ағаларға
Өз басымды иіп мен.
Отадан олар шығарды мені,
Көңілді бір кейіпте.
Рахмет айтам тағыда мен
Айсұлу деген ханымға.
Отадан кейін ауырған кезде,
Болды ғой ол жанымда.
Рахмет айтам, алғыс айтам
Мейірбикелер қауымына!
Өз рахметімді, осы өлеңді Ақтөбе мед орталығының жоспарлы хирургия бөлімінің дәрігерлеріне арнадым. Әсіресе Жұмабеков Ербол Баяналиевич және Әлмырзаұлы Жәнәділ ағаларыма.
Құрметпен, қатардағы жауынгер Суанбек Р.С.
14.02.2022 ж.
Мен, Бисембина Шолпан Байбактиевна, 10.02.2022 жылы жедел жәрдеммен обл ауруханаға түстім. Аурухана бөлімшесі хирургия өте жоғары деңгейде қабылдап, дәрігерлік қызметтерін көрсетті. Аурухана заманауи , таза, жылы, барлық құрал жабдықтары жұмыс жасап тұр екен. Кіші қызметкерлері ауру адамдарды арбамен тасып, емге алып барып ақжарқын пейіл танытты. Дәрігерлер өз қызметін жоғары деңгейде көрсетті. Рахмет айтамыз!
Бөлім басшысы: Суиндиков Т.С. Емдеуші дәрігер: Қайдар Ж.А. м/б: Ізтелеу А. Абилдаева А.
Хирург: Таганов Ж.Б. Кіші қызметкерлер: Махатова Г. Муханова Ж. Жалгасова Д. Алғысымыз шексіз!
Алтын саусақтарыңнан сүйдік!
3 палата: Бисембина Ш., Нурмухамметова Б., Бермагамбетова А.
04.02.22 ж.
Мен осы аурухандағы дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Ең бірінші дәрігер Айтжанов Нұрлан Жаңбырбайұлына алғысымды білдіремін, ота жеңіл және жақсы жасалды, және мейірбикелерге де алғысымды білдіремін. Жұмыстарыңыздарға сәттілік және табыс тілеймін.
Науқас Мамаев С.С.
02.02.2022ж.
Мен жүсіпбекова Бекзат Абатқызы Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Мен үшінші баламды босануға келдім. 28 қаңтар күні толғақ қысып Ақтөбе медициналық орталығының босану бөліміне келдім. Толғағым жиілеп жедел жәрдем шақырып едім. Осы перзентханаға әкелді. Срочные роды деп келген бойда 20 минуттың ішінде босандырып алды. Акушер Тыныштық, Гүлжамила деген ақ халатты абзал жандарға басымды иемін. Айқайламай жәймен, баппен түсіндіріп, әйелдерге мативация беріп, өз басым мықты риза болдым.
Перзентхана бөлімінің меңгерушісі акатаева Анар Нағашыбаевна, акушер-гинеколог Жамиева Айгуль ерболатовна, терапевт мулдашева аина Эдуардовна, акушерлар: Анамкул, Аида т.б. санитаркаларға талғысым шексіз. Халықтың ықыласына бөленіп жүре берсін деп тілеймін. Семьяда бақытты болып, дендері сау табыстары мол болып, халыққа жанашыр болып жүре беріңіздер АМЦ ұжымы.
Көптен-көп рахмет!!!
Жүсіпбекова Бекзат Абатқызы
6.02.2022г.
Бірінші байлық денсаулық. Бұл ең бірінші басы ауырып, балтыры сыздаған, қай жері ауырса сол жерінде жанының ұшы көрінген науқас адамның ең бірінші айтатын сөзі екен белгілі. Денсаулықтың қадірін, ауырғанда білерсің дегендей мен Сдыков Руслан Қыздырбаевич Ойыл ауданы, Сарыбие ауылының тумасы, осыдан 1,5 жыл бұрын күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, мұзға тайып құлап омыртқамды зақымдаған болатынмын. Күнделікті сылап сипап, ертең жазылып кетеді деп осыншама уақытты өткізіп, ауыруымды асқындырып алдым. Орнымнан тұра алмай, балтаққа сүйендім. Ауыруым жаныма батқасын, Ақтөбе медициналық орталғының нейрохирургия бөліміне жатқызылдым. Білікті дәрігер, өз ісінің нағыз шебері Узганов Ержан Есенгелдіұлы жеке бақылауында қарап, ота жасау қажеттілігін айтты. Басында "Нар тәуекел" деп келісе қоймай, бірақ ауыру әбден жаныма батқандықтан 8 сағатқа созылған ота жасаттым. Сол отадан кейін жәйлап - жәйлап жақсара бастадым. Ота жасатқаннан кейін 2айдан кейін реаблитацияға келіп емімді жалғастырдым. Қазір Аллаға мың тәубә бірінші жаратқанның, одан кейін осы бөлімнің меңгерушісі Ержан мырзаға, Аслан, Руслан дәрігерлерге, Алена, Тамара, Әсемгүл, Тантьяна, Жансая, Света сияқты мед.бике қызметіндегі алтын қыздарға үлкен рахметімді айтамын. Сіздерге және сіздер арқылы барша ағайын тумаларыңызға қанша рахмет айтса да артық болмайды. Осындай ел үшін өз уақытын аямай, өзгенің жанын аялай жүрген жаны жайсаң денсаулық саласы қызметкерлеріне алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік, отбасыларына амандық тілеймін!
02.02.2022ж.
Мен Жүсіпбекова Бекзат Абатқызы Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Мен үшінші баламды босануға келдім. 28 қаңтар күні толғақ қысып Ақтөбе медициналық орталығының босану бөліміне келдім. Толғағым жиілеп жедел жәрдем шақырып едім. Осы перзентханаға әкелді. Срочные роды деп келген бойда 20 минуттың ішінде босандырып алды. Акушер Тыныштық, Гүлжамила деген ақ халатты абзал жандарға басымды иемін. Айқайламай жәймен, баппен түсіндіріп, әйелдерге мативация беріп, өз басым мықты риза болдым. Перзентхана бөлімінің меңгерушісі акатаева Анар Нағашыбаевна, акушер-гинеколог Жамиева Айгуль ерболатовна, терапевт мулдашева аина Эдуардовна, акушерлар: Анамкул, Аида т.б. санитаркаларға талғысым шексіз. Халықтың ықыласына бөленіп жүре берсін деп тілеймін. Семьяда бақытты болып, дендері сау табыстары мол болып, халыққа жанашыр болып жүре беріңіздер АМЦ ұжымы. Көптен-көп рахмет!!!
Жүсіпбекова Бекзат Абатқызы
28.01.2022 ж.
Мен, осы ауруханаға 24.01.2022 ж экстренно скорыймен түстім. Мені тексерулерден өткізіп , 25.01.2022 ж сағ 13:00 де ота жасады. Маған ота жасаған Ибрагим Галелович . Ота жақсы шықты деп ойлаймын. Әрі қарай күтінуге байланысты болады. Осы орайда мен осы аурухананың бөлім меңгерушісі Бернат Қазмұхановичке, емдеуші дәрігерлер Ибрагим Галеловичке , Ерик Туракбаевичке ерекше алғысымды білдіремін. Еңбектеріне табыс, дендеріне саулық тілеймін. Старшая медсестра Райхан Амангалиевнаға ,медсестра апайларға Гулайым Нажмединовнаға , Зейнеп, Мархабат, Аяжан, Айгерім, кіші медицина қызметкерлері Айжан, Алтын, Самал, Жансая, Ғабдісәлімге де алғысым шексіз. Барлығына отбастарына амандық, дендеріне саулық тілеймін. Елдің алғысына бө.леніп жүре беріңіздер. Барлық жақсылықты тілеймін.
Жаулыбаева Р.А.
28.01.2022 ж.
Мен Асылхан, қаңтар айында ем алып, осы отделениеде жаттым. Сосуд.хирургия медбикелеріне және санитарларына жазбаша түрде рахметімді айтқым келеді. Зав.отд: Бернат Казмуханович Леч.врач: Ибрагим Галиевич Леч.врач: Ерик Туракбаевич. Ст .медсестра: Райхан Амангалиевна. Медбикелер: Аяжан,Зинеп, Мархабат,Гулайым Нажмадиновна, Айгерим. Кіші қызыметкерлер: Алтын,Самал, Жансая, Айжан,Ғабдисалим. Өз атымнан осы аталған қызыметкерлерге алғыс рахметімді айта отырып,отбастарыңызға мол ырыс, жұмыстарыңызға жетістік тілеймін. Алла тағалам сіздерді қолдай көргей. Ақ халатты абзал жандараман болсын! Нуркин Асылхан.
27.01.2022ж.
Терапия бөлімінің қызметкерлеріне алғысым шексіз. Сіздер науқас адамдармен өте мәнерлі,мәдениетті,ұқыпты,жылы сөздермен сөйлесіп түсіндіресіздер. Мына азамат пен азаматшаларға: профессор Ерлан Шаймерденович, Болған Тапашевна,Шолпан Сериковна, Гүлзира Сериковна, Гүльмира Амантаева, Ақжан Мүсілімбекқызы, Айгерим Қуанышовна, Гүлсім Жұмабековна, Майра Казбековна, Аида Батырханқызы, Светлана Казметаевна, Айгерим Алпысбаевна, Айдана Бақытбекқызы, Нұрзат Тұйғынбекұлы, Аяжан Жансейтовна, Айнагуль Барахатовна, Даметкен Жұмабаевна, Амина Қамбаровна, Багдагуль Акимжановна, Нұрбек Аманкосович, Зоя Хасановна, Еркегул Қайырмагамбетовна дендерінізге саулық, отбастарыңызға амандық соңдарыңыздан ерген балапандарыңыздың кызығына тоймай жүре беріңіздер. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер сіздерге көп-көп рахмет.
Кокишова Назгул Садуакасовна.
05.01.2022ж.
Мен, 01.01.22 жылы бронхит диагнозымен "Респираторное" болімшесіне түстім. Түскен күннен бастап жақсы ем-дом жасап жатыр. Атап айтатын болсам сол күні болған кезекші дәрігер Дария Камбаровна, медбике Бибинур, кіші қызметкер Жасарал және сонымен қатар Әсел Даниярқызы, Анна Д, Акгул, Индира, кіші қызметкер Меиржан сынды мекеме қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Барлығына бірдей қызмет жасауда себебі бұл жерде барлық емделуші бірдей. Жасалып жатқан кызметтеріне ризамын. Жұмыстарында табыс, отбастарына аманшылық тілеймін. Осы қызметкерлердің еңбектері еленбей калмасын деген ниетім бар. Рахмет!!!
Кусейнов.Н.М.
23.01.2022ж.
Адам жанының арашасы сіздерсіңдер.Оны біз ем алушылар сөзбен айтып жеткізе алсмаймыз.Күн-түн демей аурудың жағдайын жасап, қас-қабағына қарап жүргендеріңізге мың алғыс айтамыз.Еңбектеріңіз жемісті ден саулықтарыныз мықты болсын.
Атап айтқанда дәрігерлер: Тауманов Айдос Жақсылықұлы, Ахметова Айым Маратқызы,Хамидулла Болат Хасанович, Купабаева Алтын Мырзабековна.
Медбикелер:
Қолғанат Аружан,Сабитова Айым,Қасым Акдана,Бөлекбаева Нұрай,Сагындыкова Гүлсезім,Арынғазы Димаш,Қазыбаев Нурсултан,Гайнуллин Адилгерей
Жан сақтау бөліміндегі Ержан, Бакытгул,Мадина, дәрігерлер Талғат, Арман.
Тазылықшылар:
Калмагамбетова Кенже
Сарымсақ Маншук
Беккалиева Сара
Кардиология бөлімшесінің 1-палатасынан Ержанова Жания, Қойшыгалиева Гулден, Карина Бисары.
14.01.2022ж.
Мен осы кардиология бөліміне 6 қаңтар таңғы сағат 6-да ауырып жедел жәрдеммен Хромтаудан алып келді сол бойда дәрігерлер қолға алып алғашқы тексерулер анализ алып ,тез ота жасайтын бөлмеге апарды ота жасап жан сақтау бөліміне жатқызды.Сол бойда медбикелер қандай қиын жүйке атқаратынын өз көзіммен бірінші рет көрдім. Науқастардың барлық жағдайын жасап асты үстіне түсіп бүкіл мүмкіншілікті жасады атап айтсам жан сақтау бөлімінде Бакытгул,Баян,Мадина, Арман, Талғаттардың көрсеткен мед қызметтері өте жоғары дәрежеде.
8-қаңтар күні общ палатаға шығарды бұндада сол тәртіп,тазалық бөлім меңгерушісі Бижанаова Жанаргульге көп рахмет жас мамандарды тәрбиеліп адал еңбек етуге жағдай жаасалған әрине науқастардыңда әр түрлі мінезі дегендей саған қарсы келмей өтті. Әже дегеннен бойда сөз айтпай еңбек етіп журген (Көбінінің аттарын білгенмен фио білмеймін) Айым емдеуші врач,Алтынға Ақдана Эмеля Кенжеге тағы аспаздарға өзімнің атымнан отбасымның атынан көптен рахмет.Міне сіздер нағыз Ақхалатты абзал жандар деп білемін, отбастарыңызға амандық дендердің саулық берсін аттарын ұмытып қалсам кешірім сұраймын.
Ота жасаған хирургімнің атын ұмытып қалдым 6/01 күні осы кісіге алғыс ым шексіз Алла әрқашан денін сау қылтып амандығын тілеймін отбастарын аман болсын.
Қанатбаев С.
22.11.2021г.
Саламатсыз ба, АМЦ ұжымы. Мен 22.11.2021 жылы. шұғыл түрде, екі бүктетіліп,
Сіздерге түстім. Қабылдау бөлімінің персоналдардарынан бастап, Ота жасап, бірден диагноз қойған дәрігер-гинеколог Нұрғазин Қайрат Шарифовичке көп рахмет. Қолы жеңіл, әрі кішіпейіл, жоғары дәрежедегі дәрігер екен. Палатаға түскен соң қарап шаншу, таңу, байлау жұмыстарын атқарған мед ағалар мен медбикелерге рахмет айтамын. Әуелі Алла, екінші ақ халатты жандарға алғысым шексіз. Аман болыңыздар.
23.08.2021ж.
Мен,Жоламанова Мөлдір 23.08.2021 күні урология бөлімшесіне түстім. Ондағы маған емдеуші дәрігерім Ермекбаев Ғалымжан Максумович өз қарамағына алды. Сол күннен бастап маған емін жүргізе бастады. Маған қойылған диагноз : бүйректің Сол жағында тас бар екені анықталды, лазермен ота жасалды. Осы орайда жағдайымды жіті бақылаған мейірбике қыздар мен жігіттер : Әйгерім, Махаббат апа, Маржан, Ақниет, Аманбек, Асылжан жане кіші қызметкерлер: Гүлайым апа, Зираш, Жаннат апа барлығына алғысымды білдіремін. Ерекше алғысым Ғалымжан Максумовичке еңбегіңіз елене берсін тек биік шыңнан көріне беріңіз.
16.08.2021ж.
Мен тамыз айының 16 куні буйректен приступ ұстап,осы урология болимшесине түстім.
Ауруханаға түскеннен бастап бөлім меңгерушісі Имжаров Т .А және өзімді тікелей қараған дәрігер Ермекбаев Ғ.М аға меірбике Оразбаева Ә.С, мейірбикелер: Гульнар,Махаббат, Маржан,Наталия,Акниет жане медбрат Аманбек, Асылжан ;бөлме тазалаушылар: Гулайым,Жаннат,Сания,Зираш барлығы бір кісідей жұмылып қызмет етті. Емдері өте сапалы, кісіге ара – қатынасы өте мәдениетті, кішіпейіл.
Емдеуші дәрігерім Ермекбаев Ғ.М білікті маман екенін көрсете білді, ауру тарихымды қарап, қандай ем беретіндерін келгеннен бастап түсіндіріп ары-қарай өзі бақылап, сапалы ем шараларын жасай білді. Осы дәрігердің арқасында алған емім сапалыболып, жазылып шықтым. Алдағы уақытта осы ұжымға биіктерден көріне беруге, отбасыларына амандық, денсаулықтары жақсы болып, еңбектерінің жемісіне жеуіне шын жүректен алғысымды білдіремін.
--
28.07.2021 ж.
Ақтөбе медициналық орталығындағы "Ана мен бала" бөлімінің барша қызметкерлеріне алғысымыз айтамын. Сіздердің қолдарыңыз алтын, жандардың жайсаң, жүректеріңіз кең жансыздар!
Менің балапаныма өмір сыйлағандарыңызға мыңда бір рақмет. Медбикелер мен кіші қызметкер апайларға да алғысымыз білдіремін.
Әр қызметкер өз істерінің майталмандары. Бағындырар белестеріңіз көп болсын.
Отбастарыңызға амандық, бақыт, дендеріңізге саулық тілеймін. Халықтың батасымен көгеріп, тамырларыңыз кеңге жайыла берсін.
28.07.2021 ж.
Ақтөбе медициналық орталығындағы "Ана мен бала" бөлімінің барша қызметкерлеріне алғыс айттым келеді.
Инфекциялық бөлімге түсіп, босанып, отбасымызбен қауышуға үлкен үлес қосып, қамқорлық тарын алмады.
Дәрігерлердің жылы сөзі, мейірімді медбикелердің қызметі, олардың жылы қарым-қатынасы үлкен демеу болды.
Бізге қызмет көрсеткен мамандардың барлығына отбасына амандық, дендеріне саулық тілеймін. Әрдайым халықтың ықыласына бөлене беріңіздер.
Сағынғалиева Марал
31.05.2021 г.
Мен 25.05.2021 жылы қатты ауырып сіздің бөлімшеңізге түстім. Осы уақыттан бастап сіздің өз ісінің маманы - емдеуші дәрігер Оралбаева Ж.С., Ақатаева А.Н., шеберлігіне, адаммен сөйлесуі, жағдайыңды сұрауы және жан-жақты ем тағайындауымен жолықтым. Медбике қыздар өте епті, ыңғайлы, тек қиын жұмыстарына қарамастан өз істерінің маманы. Сіздерге үлкен алғыс. Денсаулығым жақсарды. Бұйырса босануға сіздерге келем. Адманова Л.Б.
24.05.2021 ж.
Мен,Жаканова Асем, АМЦ-ға 13.05.2021 күні жоспарлы КС-қа келдім. Келген бойда қабылдау бөлімінің медбикелері өте жылы қабылдап барлық керекті шараларын өткізді. 18.05.2021 ж. күні операциям ойдағыдай өтті. Реанимация бөлімінің сол күні болған анестезиолог-реаниматолог және де операция жасаған бөлім меңгерушісіне алғысым шексіз. Өз істерінің шеберлері аяғыма тез сауғып тұрып кеттім. Осы маған көмек көрсеткен дәрігерлерге, медперсоналға, кіші медперсоналға отбастарыңызға амандық, денсаулық, береке тілеймін. Әр қашан Алланың нұры жауып, аспандарыңыз ашық, ғұмырларыңыз мәнді болсын. Алыстан танымайтын жерге жүрексініп келген едім, әр қайсыларыңыз жаныма жалау болып, жақын адамдай қарадыңыз. Алғысым шексіз. Көп-көп рақмет!
19.05.2021ж.
Аллергология бөлімшесінде ем қабылдадым. Бөлімшенің қызметлерлері пациенттермен қарым қатынасы өте жақсы.
Ақ халатты абзал жандарға айтатын алғысымыз шексіз. Бөлімшенің тазалығы өте жақсы.
Ақ халатты абзал жандар еңбектеріңіздің берекетін көріңіз. Бастарыңа амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.
Науқас Сағындықова Сандуғаш
15.05.21ж.
Мен,Эльмира Серғазы қызы, 21-ші сәүірден бастап кардиология бөлімінде ем қабылдап жатырмын. Кардиология бөлімінің маман иелері Бекжанова Жанаргуль Сатгуловна, Хамидулла Болат Хасанович, Айтжанов Талғат Тілекқабылович, Ахметовна Айым Мұратовна және кардиология бөлімінің жалпы ұжымына алғысым шексіз.
Өмірімнің арашасы бола білген кардиология бөлімінің ұжымына алғысымды білдіре отырып зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, еңбектерінің жемісін көрсін, отбасында бақытқа бөленсін деймін. Әр істеген еңбектеріңіз Алладан қайтсын. Ақ халатты абзал жандарға көп-көп рахмет.
29.04.2021г.
Мен,Аймағамбетова Жұлдыз Нұрлановна, 26.04.21 ж. АМЦ роддомға толғатып келдім. Осындағы қызметкерлер, яғни дәрігерлер, қолдарынан келгенше жақсы жағдай жасап, босандырып алды. Оларға деген алғысым шексіз. Қызым дүниеге келді, салмағы 3900кг, бойы 55 см болып қазіргі таңда қызымның да, өзімнің де жағдайымыз Аллаға шүкір жақсы. Осында қызмет етіп жүрген барша ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз.
29.04.2021г.
Мен,Базарова Гүлсезім, 24 сәүір күні АМО жанындағы инфекциялық ауруханасына түстім. Ауруханада жақсы қарап, көп көмектесіп, жәрдем етті. Аурухана қызметкерлеріне алғысым шексіз.
Атап айтқанда, медбике Оралбаева Ж.С., Асем Ғалымжанқызы, Базаргүл Әлесовна, кіші қызметкерлерінің бәріне үлкен рақмет!
Ақатаева Анар Нағашыбайқызы бастаған медицина қызметкерлері қауымына табыс тілеймін.
23.04.2021 ж.
Мен Қызылорда облысы Арал қаласынан келіп, 15 сәүірде ота жасаттым. Отаға Ринат Молдагалиевич пен басқа дәрігерлер қатысты. Ота сәтті өтті, қасиетті Ораза айында қолдарыңыз жеңіл болды деп ойлаймын. Және дәрігер Қонисов Досмұрат, наркоз берген Марат Куанышевичке, медбикелерге еңбектеріңіз еселене берсін, дендеріңіз сау, ұзақ өмір, жанұяларыңызда қуаныш, береке, бірлік болуына шын жүректен тілектеспін.
Емделушi Конысбаева Майра.
19.04.2021ж.
Алғыс!
Мен, Байжанова Бибигуль Кигашовна СХО бөлімшесінде 09.04.2021-19.04.2021 аралығында ем алдым.Бұл бөлімшеде маған жеткілікті көңіл бөлінді.Ем-адам баласына қону үшін қызмет жасап жүрген адамдардың өзіңе деген көз қарасы жақсы болса,ғана.Мен осы бөлімшенің врачтары мен медбикелері және санитарка қыздарынан толық қанды жақсы көзқарас, адамға деген көмек қолдарын созғандары үшін улкен АЛҒЫС айтамын!
Алдарында емделіп жатқан науқас адамдары тез жазылып,еңбектерінің жарықтан көрінуіне тілектеспін!
Емделуші: Байжанова Б.Қ.
09.04.2021 ж.
Мен,Қатешов К.Қ., кардиология бөлімшесінде ем алып жатырмын. Осы ем қабылдап жатырған уақытта емдеуші медбикелерге және санитарка қыздарға ешқандай шағымым жоқ. Олар өз қызметін мінсіз атқарады, ем алып жатқан адамдарға өте сапалы, жақсы қызметін көрсетуде. Солардың ішінде медбике Ақдана Жәңгірханқызына алғысымызды білдіреміз.
09.04.2021 ж.
Мен өзімнің алғысымды кардиология бөлімінің қызметкерлеріне айтқым келеді. Дәрігерлер Айым Мұратовна, Ардақ Сапиевна, мейірбикелер Ақдана, Нұрсұлтан, Әлімгерей, кіші қызметкерлер Әйгерім, Самал, Шалқар тағы басқаларға және аға мейірбикеге алғыс айтамын. Дендеріне саулық, отбастарына береке және жұмыстарына табыс тілеймін.
Науқас Имжарова Ә.
05.04.2021 ж.
Мен, 29 март күні, 200 давлениемен, ауыр күйде кардиология бөліміне түстім. Сол күні мені жылы қабылдап, ем-домдарын жасап, әртүрлі тексеруден өткізіп, дәрі-дәрмектермен емдеу процедураларын жасап, сөзбен демеп, сауығып кетуіме бар күштерін, біліктіліктерін жұмылдырған ақ халатты абзал жандарға алғысым зор. Өз істеріне нақты берілген, жастар болса да білімдері мен біліктіліктерін көрсеткен, тәжірибе жинақтап үлгерген, киелі ақ халатты мейірімді абзал жандар дәрігерлер:
Алтын Мырзабековна Копабаеваға
Ахметова Айым Маратовнаға
Кемелбеков Бағлан Сатыпалдыұлына
мейірбикелер:
Еділова Лаураға
Туралина Райханға
Қасым Ақданаға
Сәбитова Айымға
және тағам беріп баптаушы Салтанатқа, күтім жасаған Кенжеге алығысымда, ризалығымда шексіз.
Дендерңіз сау, өмір жастарыңыз ұзақ болып, еңбектеріңіз жанып, ел алғысына бөлене беріңіздер.
Науқас ҮСЕНОВА Г.А.
30.03.2021 ж.
Мен,Көрпебаева Гүлмира Андрейқызы, АМЦ ауруханасының аллергология бөліміне ризашылығымды білдіргім келеді.
Соның ішінде бөлім басшысы Светлана Хасеновнаға, емдеуші дәрігер Дария Хамбаровнаға және медбикелерге алғысым шексіз. Сіздердің еңбектеріңіз адамдрға тек қуаныш, шипа сыйласын. Сіздердің отбастарыңызға амандық, денсаулық, күш бақыт және табыс тілеймін.
Болашақта ұжымдарыңыз гүлдене беруіне тілектеспін.
1.03.2021ж.
Көктемнің алғашқы күнімен қатар келетін Алғыс айту мерекесімен Ақтөбе медициналық орталығының барлық қызметкерлерін құттықтаймын! Жанына шипа іздеп келген әр адамға жүрегіңіздегі жан жылуыңызды бере білгендеріңізге, ыстық ықыластарыңыз бен жылы сөздеріңіз үшін алғыс білдіремін.
Мен емдеу (терапия) бөлімшесінде ем алдым. Бөлім меңгерушісі Болған Тапашевнаға, дәрігерлер Гүлзира Серіковнаға, Шолпан Серіковнаға, Аян Нұрболатұлына, сапалы да сауатты ем бере білгендері үшін, мейірбикелер Райхан, Айгерім, Аида, Айдана, мейіргерлер Нұрзат, Ержан жеп-жеңіл қолдарыңыз үшін, кіші қызметкерлер Амина, Райгүл, Дәметкенге палатадағы тазалық үшін үлкен ризашылығымды білдіремін.
Замза Сайфуллаевнаға ақыл-кеңесіңіз үшін үлкен рахмет айтамын.
Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, мәңгілік махаббат тілеймін!
Отбасыларыңыз аман, бауырыңыз бүтін, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын. Жаман індеттерден аман болайық.
Жасап отырған кәсіптеріңізден берекет табыңыздар! Жақсы күндерде жолыққанша.
1.03.2021ж.
Мен,Демеуова Айнамкуль
Ақтөбе медециналық орталығына роддом провейдер бөліміне өкпем қабынып түстім. Мені емдеп жазған ақ халатты абзал жандарға алғыс айтқым келеді.Сонын ішінде осы бөлімнің Зам главный врача:Акатаева Анар Нағашыбаевна дәрігерлеріне Оралбаев Жұлдыз Сметулаевна, Абденғалиев Амангелді Капаевич , ҚайратШарифовичке мың алғыс еңбектері Алладан қайтсын.Медбикелер: қыздарға көп-көп рақмет.Салтанат, Гүлмира, Асем, Ажар есімді қыздарға және де санитарка қыздарға жұмыстарының жемісін жесін. Мен ақпанның 12-сі түсіп Марттың 2- сі үйіме аман есен толық емімді алып, бөпемді бауырыма алып үйіме шықтым.
«Ақтөбе медицина орталығының» жоспары хирургия және трансплантация бөлімшесін Көктемнің алғашқы күні-Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Өздеріне жүктелген міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, сапалы қызмет көрсеткендері үшін өз ризашылығымызды білдіреміз! Сіздердің ерен еңбектеріңізге, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілейміз!Сіздерге Мың Алғыс!!! Алғыс білдіруші: Кисметовтер.
4.02.2021ж.
Маған мұрынның перегородкасына операция жасау керектігін айтқанда, шыны керек қобалжу, қорқыныш болды. Себебі өмірімдегі ең алғашқы операция... Көптеген сұрақтар туындады: Операцияны қалай жасайды? Бұл күрделі операция ма? Тәжірибелі дәрігер жасайды ма екен? Нәтижесі қалай болады? Портал бойынша Ақтөбе медициналық орталығы, лор бөлімшесіне жатқызылдым. Операция жасамастан бұрын оның барысын, дайындықты, қалай жасалатынын және нәтижесі қалай болуы мүмкін екенін қарапайым түрде түсіндірді. Бөлімшенің барлық ұжымына және маған операция жасаған Нагина Айкерим мен Мухтаров Бағланға алғысым шексіз! Ұжым мүшелерінің біліктілігін, өз жұмыстарына деген жауапкершілігі мен адалдығын атап айтқым келеді. Ұжымның әр мүшесінің тынымсыз еңбегі көз алдымда және дәрігерлердің жұмысының маңыздылығын бұрыннан да терең түсіндім. Ақ халатты абзал жандардың жұмыстарына жеміс, отбасыларына амандық тілеймін! Алла разы болсын! Игі тілекпен Жақатай Азамат.
8.02.2021ж.
Саламатсызба. Мен, Сейтжанов Тұрғанбай ақпан айының 1ші жұлдызында қатты науқастанып "Амансаулық" клиникасына дәрігер уролог Имжаров Абат Төлебайұлының қабылдауында болдым. Білікті дәрігер маған дұрыс диагноз қойып жедел түрде
Ақтөбе медицина орталығының урология бөліміне жолдады. Урология бөлімінде маған жедел көмек көрсетілді. Ота жасалып аман е сен отбасыма оралдым. Бөлім меңгерушісі Талғат Абатұлы Имжаров бастаған ұжым қызметкерлеріне алғысым шексіз. Мен жоғарыда аты аталған дәрігер уролог Имжаров Абат Төлебайұлына, урология бөлімінің меңгерушісі Талғат Абатұлы Имжаровқа, емдеуші дәрігер уролог Елдесбаев Нұрлыбек Жұмабайұлына алғысым шексіз. Отбастарына амандық, еңбектеріне абырой мен жеміс,дендеріне саулық тілеймін. Еңбектеріңіз алладан қайтсын демекпін. Қолдарыңыз дерт көрмесін. Осылай науқастардың алғысына бөлене беріңіздер. Сіздерге мың алғыс.
5.02.2021ж.
Құрметті «Ақтөбе медициналық орталығының» дәрігерлер ұжымына, Мылтықбай Сағынбекұлына, Реанимация бөлімшесіне, жоспарлы хирургия және трасплатация бөлімшесінің медикелері мен тазалықшыларына өз атымнан және отбасымның атынан үлкен алғысымды білдіремін! Мен Кисметова А Атырау облысының тұрғынымен осы ауруханада буйрек ауыстырып ота жасаттым. Осы кезде менің қасымда болып, жаныма демеу, басыма суйеу болғандарыңыз үшін сіздерге көп рахмет! Ақ халаттарыңызды кір шалмай, елдің алғысына боленіңіздер! Еңбекте табысты болып, қабақтарыңызды кірбің шалмай, ұжымда бірлік болып, дендеріңіз сау болсын!!! Рақмет сіздерге, алғысым шексіз!!
04.02.2021ж.
Денсаулық-адам үшін баға жетпес байлық!Сол денсаулығымызға қол ұшын созып,дертімізге дауа болатын-дәрігерлер. Соның ішінде мен Ақтөбе Медициналық Орталығының Терапия бөлімінде қызмет жасап жүрген ақ халатты абзал жандарға алғысымды айтқым келеді.Әр науқастың жанына демеу болып,қолдарыңыздан келгенше көмектеріңізді беріп,іспен де,сөзбен де қолдау бергендеріңізге рақмет!Терапия бөлімінің меңгерушісі Ишимова Болған Тапашовнаға және емдеуші дәрігер Тулегенова Гульзира Сериковнаға,жоғары медбике Даниярова Райхан Амангалиевнаға,медбикелер Жорманова Айгерімге,Әбдібаева Аидаға,Жарасова Светаға,медағалар Мамыраев Ержанқа,Әлібек Нұрзатқа,Орынбасаров Ерболатқа,кіші қызметкерлер Кулмурзина Бисенгүлге,Аренова Аминаға,Истилеуова Даметкенге,Дүйсенбаева Райгүлге,Бермағанбетова Розаға өз алғысымды білдіремін!Жұмыстарыңызда жемісті болыңыздар!
Алғыс білдіруші:Рысбаева Айгүл Есмағанбетовна!
31.01.2021ж.
Ассалмагаликум, мен 31 январь Актобе обл болницага ауырып урология болимне тустим. Мунда врачтар мен медсестралар, медбратар ерекше карсы алып, уактысымен дарлеремди берип, жаксы карады. Солардын ишинде врач Аракбаев Руслан Сагинтаиевич, медсестра Асанова Махаббат, мед брат Турсанхан Асылжан. Ерекше ракметимди билдиремин!
20.01.2021ж.
Мен Даукенова Рая Құлтанқызы көп балалы ана алтын алқа иегерімін.2021жылдың 20-қаңтарда Ақтөбе облыстық ауруханасының гинекология бөліміне қатты ауырып есімнен танып бардым.Бөлім басшысы дәрігер Нұрғазин Қайрат Шарифович қабылдап дереу ота жасауга нұсқау жасап, барлық тексеруден өткізіп, отаға кірісті. Ота сәтті жасалған. Отаның арқасында бар ауруымнан айығып тез тұрып кетуіме барлық жәрдем жасаған білікті мамандарға көптен көп алғысымды айтамын.
1. Бөлім басшысы Нұрғазин Қайрат Шарифович
2. Емдеуші дәрігер Сарсенбаев Мұхит Серикбаевич
3. Аға мейірбике Муханчалова Иранда Базарбаевна
4. Мейірбикелер Айнұр,Гулжахан, Карина, Кулаш, Ляззат, Сания, Женискуль, Зоя, Бибигул.
Адам өміріне араша болған ақ халатты абзал жандарға алғыс айтамын. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер.
Отбасымыздың атынан да үлкен рахмет! Дамели Б.
Алғыс хат
Мен, Муханова Мадина Алға ауданы,
Максим Горький көшесінің тұрғыны 4.12.2020ж. күні "Ақтөбе медициналық орталығының" кардиология бөліміне түсіп, 11.12.2020ж. емделіп шықтым. Қазіргі жағдайым өте жақсы. Орталық дәрігерлеріне, атап өтсем: Таумов Айдос Жаксылыкович, Бекжанова Жанаргуль Сатгуловнаға, Купабаева Алтын Мырзабековнаға, Турдалина Райхан, Қасым Ақдана, Едилова Лаураға алғысымды білдіріп үлкен рахметімді айтамын.
20.12.2020 ж.
Мен Самалова Назерке респираторлық орталықта ем қабылдадым. Уақытылы жағдайымды бақылап, ем шараларын қолданды. Кезекші мейірбикелер де күнделікті келіп өз жұмыстарын жүргізіп тұрды.
Мені емдеп, көмек бергендері үшін көп – көп рахмет айтып, алғыс білдіремін.
Емдуші дәрігер: Бухарбаева Дария Камбаровна.
Бөлім меңгерушімсі: Есекеева Светлана Хасеновна
Аға мейірбиеке: Сейткалиева Капия Шакеновна
Медбикелер: Адинова Жанна, Халидилуллина Гүлжанат, Тайбақан Шарбат, Султалиева Бибинур, Байтурова Акмарал, Досаманова Мейрамгул, Егорова Юля.
Кіші буын мед.қызметкерлерінеде алғыс білдіремін. Самалова Н.С.
27.11.2020ж.
"Жақсының жақсылығын айт, нұры жайнап, тасысын"- дегендей бүгін мен Сіздерге керемет, ақ халатты абзал жандар, яғни "Ақтөбе медицина орталығы", нейрохирургия бөлімінің қызметкерлеріне алғысымды айтып жазып отырғаным.
Қараша айының 23-күні "нейрохирургия" бөлімінде жас болса да білікті бірінші дәрежедегі нейрохирург Руслан Сансызбайұлы Кажгалиеевтің шебер қолымен басымның ми-қан тамырларына күрделі ота жасалып, сәтті шықты. Отадан кейін жүрегім сыр беріп, медицина терминінде "криз" жағдайында екі рет болдым. Менің шыбын жаным үшін сол күнгі кезекші реанимация, кардиология, нейрохирургия дәрігерлеріне және "Экспресс" жедел талдау лаборатория қызметкерлеріне алғысым шексіз.
Алдымен тәңірім Алланың және Сіздердің түн демей жасаған маңдай тер еңбектеріңіз, шебер дәрігерлік емдеріңіз маған қайтадан "ӨМІР" бақытын силадыңыздар.
Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі жоғары дәрежедегі нейрохирург Узганов Ержан Есенгелдиновичке Сіз басқарып отырған ұжымыңызға әрдайым емделген халқыңның алғысы мен ыстық қошеметіне бөлене беріңіздер!
Киелі қолдарыңызға дерт бермесін!
Отадан кейін бір тәулік бойы жағдайымды жасаған мейірбикелер мен медтехперсонал қызметкерлеріне де алғысым шексіз, рахмет Сіздерге!
Үйге шығаратын күні ертеңгі дәрігерлік қарау кезінде емдеуші нейрохирург Руслан балам: "Апа сізді қатты уайымдап, іштей тынып, қорықтым" дегенде, жан дүнием тебіреніп кетті.
Балам кешіре гөр, мен қиналып жатсамда сенің жасаған отаңа, жұмысыңа абырой тіледім.
Сені дүниеге әкелген Анаңызға басымды иіп тағзым етемін.
Бүгін қасиетті Ұлы Жұма күні ақ халатты абзал керемет жандарым Сіздерге алғысым шексіз!
Алланың нұры жаусын!
Әрбір Ана сіздердің кәсіби дәрігерлік емдеріңіз арқасында аман-есен жанұясына оралсын!
11.12.2020 ж.
Алғыс хат
Мен, Мухтарова Мадина Алға ауданы, Максим Горький көшесінің тұрғыны 4.12.2020ж. күні "Ақтөбе медициналық орталығының" кардиология бөліміне түсіп, 11.12.2020ж. емделіп шықтым. Қазіргі жағдайым өте жақсы. Орталық дәрігерлеріне, атап өтсем: Таумов Айдос Жаксылыкович, Бекжанова Жанаргуль Сатгуловнаға, Купабаева Алтын Мырзабековнаға, Турдалина Райхан, Қасым Ақдана, Едилова Лаураға алғысымды білдіріп үлкен рахметімді айтамын.
30.11.2020 ж.
Мен Самалова Назерке респираторлық орталықта ем қабылдадым. Уақытылы жағдайымды бақылап, ем шараларын қолданды. Кезекші мейірбикелер де күнделікті келіп өз жұмыстарын жүргізіп тұрды. Мені емдеп, көмек бергендері үшін көп – көп рахмет айтып, алғыс білдіремін.
Емдуші дәрігер: Бухарбаева Дария Камбаровна.
Бөлім меңгерушімсі: Есекеева Светлана Хасеновна
Аға мейірбиеке: Сейткалиева Капия Шакеновна
Медбикелер: Адинова Жанна, Халидилуллина Гүлжанат, Тайбақан Шарбат, Султалиева Бибинур, Байтурова Акмарал, Досаманова Мейрамгул, Егорова Юля.
Кіші буын мед. қызметкерлерінеде алғыс білдіремін.
Самалова Н.С.
10.11.2020ж.
Мен Урекешова Асель Қараша айында 5 күн ішінде ем алып, өте жақсы жағдайым қазір, жеңіл жүріп жүрмін. Аяғымның тартылуы қойды.Функциональная диагностика бөлімінің ЛФК инструктор Гульшатқа алғысым шексіз. Барлық бұлшық еттерімді жұмыс жасатты. Аяқ бел жаттығулары өте жақсы әсер берді Үлкен рахмет!
10.11.2020ж.
Физиотерапия бөлімі қызметкерлеріне ерекше алғыс білдіремін. Физио ем, массаж, емдік физкультура қызметкерлері жүмыстарына аса жауапкершілікпен, жоғары дайындықпен келген маман иелері. Әр науқасты жылы лебізбен қарсы алып, қолданылатын емдік түрін толықтай түсіндіріп, процедура уақытын да Хал-жағдайларымызды сұрап отырады. Осы бөлімінің барлық қызметкерлеріне денсаулық, таусылмас бақыт, байлық қанымас-қайрат, еңбектерінде жемісті,беделді болуларына тілеймін. Алла қолдарына дерт бермесің. Ақ тілекпен: нейрохирургия бөлімінің күндізгі стационарының емделушісі Байгазиева Л.Е.
15.10.2020ж.
АМЦ ауруханасының Кардиология бөлімінің барлық ұжымына алғысым шексіз. Мен, емделуші Авезова 10 қазан күні экстренно түстім , емдеуші дәрігерім Купабаева Алтын Мырзабековнаға , бөлімнің менгерушісі Бекжанова Жанаргуль Саткуловнаға алғыс айта отырып, жақсы еңбекқор қызметкерлеріне , бөлімнің аға мейірбикесі Эмиля Жукеновнаға, пост мейірбикелері Алтынай, Гүлсезім, Мадина , Райхан, Ақдана және мед браттарға Нұрсултан, Димаш сондай-ақ тазалықты өте қадағалап жүрген санитарлар Алтынай, Кенже, Манар, Сара, Шалқар баламызға еңбектеріңіз жемісті болсын. Отбастарыңыз аман болғай әрбір науқастын жанашыры бола біліп ем-шараларыңызды уақытында беріп «Ақ халатты абзал жандар»-деген атқа ие болып жүре беріңіз. Ренгенохирургия бөлімінің барлық ұжымына Рахмет Врач кардиолог Жайлыбаев Жамбыл Ертаевичқа алғысым шексіз. Аритмолог врач Хамидулла Булат Хасановичке де алғысым шексіз. Осы дәрігерлердің арқасында екінші рет өмірге келдім десе де болады. Дендеріңізге саулық отбастарыңызға амандық еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіз.
Игі тілекпен Авезова Ж.А.
10.10.2020ж.
Ақтөбе медициналық орталығына былтыр келіп жүректің бір тамырына стент қойдырып кетіп едім, биыл келіп екінші тамырын аштырдым. Жақсы болып шықты операция. Енді осы кардиологиядағы мейірбекелерге алғысым шексіз. Соның ішінде зав.отделение рентгенохирургии Таумов А.Ж., врач-интерв.кардиолог Жайлыбаев.Ж.Е.,
опер.мейірбеке Умарова А.Қ.,
анестезистка Султанова У.Т.
және де кардиология бөліміндегі бәріне де тілейтінім жанұясында бақыт, денсаулық.
Заведующий отделенияға, врачтарға алғысым шексіз. Бақытты болыңыздардар.
Эрғалиев Аман.