Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңына сәйкес Ақтөбемедициналық орталығында (бұдан әрі Орталық) бас дәрігердің бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізуді регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттар әзірленді және бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – бұл Орталық қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардыңжүзеге асырылуына мониторинг жүргізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттері:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптардың және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету

  • «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету

  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау

  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру


Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлама:


Егер сіз Орталық қызметкерлерінің, пациенттердің тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың куәгері болсаңыз, Сіз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлай аласыз:

  • телефондар бойынша – 53-42-45; 53-42-48 (жұмыс уақытында)

  • электрондық поштаға жазбаша - aktobeob@mail.ru және Instagram direct#aktobemc

Наши врачи
Ссылки