Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» Вакансии

Вакансии

«Бос орындар»:

Ақтөбе медициналық орталығы - бұл аймақтық деңгейде Қазақстанда құрылған алғашқы медициналық кластер. 2017 жылы Ақтөбе облысы әкімдігінің №2 Қаулысының негізінде облыстық клиникалық ауруханасын, облыстық клиникалық балалар ауруханасын және кеңес беру-диагностикалық орталығын біріктіру жолы арқылы шаруашылық жүргізу құқығында Ақтөбе медициналық орталығы(«Aktobe medical center») мемлекеттік кәсіпорыны болып құрылды.

Қазіргі таңда Ақтөбе медициналық орталығының құрамында ересектерге арналған көпсалалы стационар400 кереуеттік орнымен, 240 кереуеттік балалар стационары және 34 мың тіркелген тұрғынымен, ауысымына 500 келушімен кеңес беру-диагностикалық орталығы жұмыс жасайды.

Медициналық кластердің үйлестіру қызметі Облыстық денсаулық сақтау басқармасынажүктелген. Ақтөбе медициналық орталығы медициналық кластердің маңызы болып табылады. Корпоративтік басқару органы – Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.04.2018ж. №74ө-§4 бұйрығына сәйкес 17 сәуір 2018ж. Конкурстық комиссиясының шешімімен сайланған Бақылау кеңесіШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК болып табылады.

Орталықта 1855 қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде 450 дәрігер (24,6%), 728 орта буын медицина қызметкерлері (39,3%), 420 санитарлар (22,6%), басқа персонал – 256 (13,5%).

Біздің орталықта кадрлық ресурстарын тиімді басқару саясаты енгізілген, тәжірибедежұмыс процестерін стандарттауға және сандық технологияларды іс жүзінде жетілдіруге аса көңіл бөлінеді:

  • «қауіпсіздік мәдениеті» енгізілді, оқыс оқиғаларды тіркеу және күнделікті жұмыста ықтимал қауіптерді азайту бойынша шаралар қабылдау;
  • электрондық құжат айналымы жүргізілуде;
  • жұмыс орындарын компьютерлендіру;
  • интернет-ресурстарға қол жетімділіктің жеткілікті жылдамдығы;
  • республикалық деңгейдегі және алыс шетелдердегі (Қытай, Оңтүстік Корея) ұйымдармен телемедициналық кеңестерді дамыту;
  • қызметкерлердің жұмысының тиімділігін бағалауды енгізу, дәрігерлер мен мейірбикелер үшін құзыреттер тізімі және артықшылықтар тізімі бекітілді;
  • қызметкерлердің еңбек жағдайларына қанағаттанушылық деңгейіне мониторинг жасау және жұмыскерлер мен жұмыстан босатылған қызметкерлерге сауалнама арқылы кері байланыста болу.


Біз Сізге ұсынамыз:

  • Ең үздік мамандардан құралған тату команда;
  • Жұмыстың әділ шарттары мен ережелері;
  • Әріптестермен адал және ашық қарым-қатынас;
  • Үздік отандық және әлемдік тәжірибеге негізделген клиникалық жұмыс тәжірибесі;
  • Сіздің кәсіби және іскерлік қажеттіліктеріңізге аса көңіл бөлу;
  • Белгіленген тәртіпте жұмыс беруші есебінен білімін жетілдіру;
  • Мастер-кластарға, халықаралық және республикалық конференцияларға қатысу.

Қызметкерлерді іздеу және таңдау біздің мекеменің миссиясымен және құндылықтарымен байланысты: пациенттердің денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту үшін барлық жағдайларды жасауға дайын болу, шешім қабылдаудағы алқалылық, ұжымдық жұмыс, адалдық, әдептілік және мақсаткерлік. Қызметкерлерді іріктеу барысында үміткердің түйіндемесі зерделенеді, жұмыстың сынақ кезеңіндегі дайындық, шешім қабылдау, бағалау деңгейін бағалау, сертификаттар мен дипломдары анықталады.

Іріктеу процесінде сіздің болашақ құрылымдық бөлімнің бастығы, персоналды басқару бөлімінің маманы және профиль бойынша бас дәрігердің орынбасары іріктеу процесіне қатысады. Басшы лауазымға орналасу үшін бас дәрігермен және медициналық директорлармен әңгімелесу міндетті болып табылады

Ақпарат алу үшін персоналды басқару бөліміне хабарласыңыз:

Жаңақоныс ауылы, 8Е,әкімшілік бөлігі, 4 қабат,№ 423 кабинет
Телефон:
53-42-48
Түйіндемені мына электрондық мекенжайға жібере аласыз: 
aktobemc-kadr@mail.ru



01.10.2019ж. күніне бос орындар атауы
Қызметтер саны
1.
Пульмонолог (ересектер дәрігері)
1
2.
Аллерголог/иммунолог ересектер дәрігері
2
3.
Аллерголог/иммунолог балалар дәрігері
2
4.
Невролог ересектер дәрігері
2
5.
Невролог балалар дәрігері
1
6.
Анестезиолог-реаниматолог ересектер дәрігері
1
7.
Анестезиолог-реаниматолог балалар дәрігері
1
8.
УДЗ/УЗДГ дәрігері
2
9.
Хирург балалар дәрігері
1
10.
Педиатр
1
11.
Офтальмолог
1
12.
Клиникалық фармаколог
1
13.
Жалпы тәжірибелі дәрігер
5
14.
Кардиолог ересектер дәрігері
2
Наши врачи
Ссылки