Вернуться назад Распечатать

Реанимациялық қызмет персоналының біліктілігін арттыру

09.11.2022 ж. бастап Ақтөбе медициналық орталығы әкімшілігі реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері деңгейінде пациенттердің ауыр жағдайлары кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 60 сағат көлемінде «Реаниматология мен қарқынды терапияның, оның ішінде акушерияның өзекті мәселелері» тақырыбында көшпелі цикл ұйымдастырды.

Дәріскер ретінде Меренков Евгений Анатольевич - Ұлттық Ғылыми Онкологиялық Орталықтың онкогематологиялық реанимация бөлімінің меңгерушісі, жоғары біліктілік санатындағы анестезиолог-реаниматолог дәрігері, Астана медицина университетінің Анестезиология және реаниматология кафедрасының ассистенті шақырылды.


Жұмыс берушінің қаражаты есебінен Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігерлерін оқыту жүргізіледі. Оқу процесінде акушерлік қан кетулер, акушерлік сепсис кезінде шұғыл көмек көрсету бойынша акушер-гинекологтардың қатысуымен бірлескен дәрістер, сондай-ақ реанимациялық пациенттерге мейірбикелік күтім жасау дағдыларын пысықтау бойынша медбикелермен практикалық сабақтар жоспарланған.