Медицина қызметкерлері арасындағы волейболдан облыстық спартакиадада Ақтөбе медициналық орталығының құрама командасы ІІ орынды иеленді. Спорттық шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілді. Команда құрамында анестезиолог Сабыр Мадина (капитан), терапевт Маденбаева Ақжан, нейрохирургия бөлімінің медбикесі Қорқынова Арайлым, АРҚТБ медбикесі Төреғалиева Үкілімай, тамыр хирургиясы бөлімінің медбикесі Сагиева Айгерім, қан тамырлары хирургиясы бөлімінің медбикесі Баешова Айжан, жоспарлы хирургия бөлімінің медбикесі Баешова Марал, кардиология бөлімшесінің медбикесі Қасым Ақдана, кардиобит медбикесі Қожахметова Бағылан. Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!