Дәстүр бойынша 30 желтоқсанда Әкімшілік стационардың құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері мен аға медбикелерінің, қызмет басшыларының, БҚМУ кафедрасының қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік планерка өткізді. Бас дәрігер Е. Б. Сұлтангереев жаңа жылдық құттықтау сөз сөйлеп, аурухана қызметкерлерінің еңбегіне жоғары баға берді, кафедра қызметкерлерінің күнделікті жұмысындағы үлкен үлесін атап өтті.
"SENIM" салалық кәсіподағынан ҚДФ меңгерушісі Г.И. Бекбергенованың адал еңбегі үшін медаль, орталық әкімшілігінің атынан бөлімше басшыларына грамоталар мен планшеттер, демеушілерден бағалы сыйлықтар табыс етілді. Көрсетілген демеушілік көмек үшін Еуразиялық банкке, Халық банкіне алғысымызды білдіреміз.