19.01.2023ж. «ПІБ МО күндері» аясында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының басшысы А.В.Цойдың Ақтөбе медициналық орталығына сапары болды. Қонақтар делегациясы Ақтөбе облысы әкімнің орынбасары Б.О.Еслеусинова және Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.К.Исаевтың сүйемелдеуімен интервенциялық кардиология қызметі, операциялық блок, хирургиялық қызмет бөлімшелерінің жұмысымен танысты.
Бас дәрігер Е.Б.Султангереев көпсалалы стационардың күнделікті жұмысы, ұжымның жетістіктері, заманауи технологияларды енгізу туралы толық айтып берді. Делегация басшысы А.В.Цой республикалық мамандар өткізген мастер-класстар шеңберінде операция жасалған пациенттермен кездесті, бұл ретте ол біздің орталықтың персоналдарының адал еңбегіне жоғары баға берді, медицина қызметкерлерінің өңір халқы үшін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға қосқан зор үлесін атап өтті.