Ақтөбе медициналық орталығында 2023 жылғы 3 ақпанда ДСБ емдеу-профилактикалық жұмыс, Қоғамдық денсаулық сақтау және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.С.Тржанованың, Орталық әкімшілігінің, М.Оспанов атындағы БҚМУ бөлімшелері мен клиникалық кафедраларының басшыларының қатысуымен АМО жұмысының қорытындыларын талқылау бойынша кеңес отырысы өткізілді. Орталық 400 кереуетке есептелген, оның ішінде 148 хирургиялық бейіндегі кереует (37%), 86 акушерлік-гинекологиялық бейіндегі кереует (21,5%), 166 терапевтік бейіндегі кереует (41,5%), оның құрамында перинаталдық көмекті өңірлендірудің 3-деңгейіндегі акушерлік-гинекологиялық қызмет, нейрохирургиялық қолдауы бар 3-деңгейдегі инсульттік орталық, интервенциялық кардиология бөлімшесі жұмыс жасайды.
2022 жылғы есептік кезеңде 20 000-нан астам пациент емделді,сонымен қатар тәуліктік стационарда емделген науқастар саны 17,5%-ға, күндізгі стационарда емделгендер 55%-ға өсті, операциялар көлемі 35%-ға көтерілді, оның ішінде жоғары технологиялық қызметтер 25%. Орталықтың қызметі туралы медициналық директор А.Б. Есенжулова толық баяндама жасады, орта және кіші персоналдың жұмысы туралы презентацияны мейірбике қызметінің басшысы Б.К.Абдреева ұсынды, эпидемиологиялық қызметтің жұмысы туралы есепті эпидемиолог Г.Н.Кадыркулова баяндады.
Кеңес отырысы барысында орталықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, бас дәрігер Е.Б.Султангереев,ОДСБ өкілі А.Д.Тржанова, хирургия кафедрасыныңжетекшісі, профессор Б.С.Жакиев сөз сөйледі