Сапа менеджменті қызметі кестеге сәйкес шұғыл көмек көрсетудің өзекті мәселелері бойынша дәрігерлік конференциялар өткізеді. 2023 жылдың 21 ақпанында «Ақтөбе медициналық орталығында» - "Несеп тас ауруы. Қазіргі заманғы диагностика және емдеу әдістері" тақырыбында медициналық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Баяндамашы: урология бөлімінің меңгерушісі Сүлейменов Қуаныш Газетұлы.
Конференцияда медицина ғылымдарының докторы, урология кафедрасының жетекшісі Құрманғалиев Олег Маратұлы сөз сөйледі.