Күнделікті тәжірибеде орта медициналық персоналдың білімі мен дағдыларын жетілдіруге көп көңіл бөлінеді. 30-шы наурызда 2023 жылы мейірбике қызметкерлер кеңесінің қатысуымен орта буынды қызметкерлерге жоспар бойынша кезекті конференция өтті.
“Көк Код” реанимациялық көмек көрсету“ тақырыбы бойынша баяндама жасаған Кардио қарқынды терапия бөлімінің жауапты мейірбикесі А.Б. Жанесенова.
“Жедел коронарлы синдром (ОКС) кезіндегі мейірбикелік алғашқы көмек алгоритмі” тақырыбын баяндаған кардиология бөлімшесінің аға мейірбикесі Э. Ж. Утепбергенова.