2023 жылғы 22 маусымда Ақтөбе медициналық орталығында "Орган донорлығы мен трансплантацияның өзекті мәселелері" атты республикалық конференциясы өтті. Аталған шараның аясында жоғары технологиялық әдіспен бүйрек трансплантациясы жасалды.
Операция туысқан донордан жасалды. 22 жастағы жігітке 44 жастағы әкесі бүйрегін берді. Операция жасаған бригаданың құрамында академик Ж.А. Досқалиев, трансплантологтар М.Рысмаханов, Г.Құттымұратов, Ж.Әлмырзаұлы, хирургтар А.Елемесов, Н.Өтеулин, С. Мусин, анестезиолог-реаниматологтар К.Ермағамбетов, А.Қуанышбаев, медбикелер У.Серікбай, Д.Новикова, А.Тәңірбергенова, Р.Искалиева, К.Сандибекова, санитарлар Г.Кукбистинова, Р.Тагыбердиева болды.Операция 4 сағатқа созылды. Қазіргі уақытта донор мен реципиент медициналық персоналдың мұқият бақылауында.