ШЖҚ "АқМО" МКК да "Мектепке жол" Республикалық қайырымдылық акциясы шеңберінде аурухана әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті ұйымдастырған шара өтті. Шараның мақсаты алғашқы мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге материалдық қолдау көрсету. Сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, көп балалы отбасы, асыраушыларынан айрылған мектеп жасындағы балаларға маткөмек ретінде өткізді.
Шара барлығы елу балаға әр түрлі сомада сертификат берумен жалғасты. Кәсіподақ ұйымынан осы шараны ұйымдастыруға 500 000₸ қаржы жұмсалды. Ата-аналар ризашылықтарын білдірді. Өз кезегінде аурухана бас дәргері м.ғ.д Е.Б.Сұлтангереев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.А.Көптілеуов балаларға арнап сөз сөйледі. Жаңа Қазақстанның жастары еліміздің жарқын болашағын өз қолдарымен жасайтын білікті, білімді, патриот жастар болуына тілек білдірді.