Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбеде өңір басшысының қатысуымен «Алтын бесік – 2023» атты салтанатты іс-шарасы өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров құттықтау сөзінде биылғы жылы қол жеткізілген оң нәтижелерді атап өтті: «2023 жыл біздің өңір үшін табысты жыл болды. Біз әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасын сақтадық. Әлеуметтік маңызы бар объектілер салынды, шалғайдағы ауылдар газбен және ауыз сумен қамтамасыз етілді. Негізгі мақсат - өңірдің одан әрі экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру».
Медициналық көмектің сапасын халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес жетілдіргені және қамтамасыз еткені үшін ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК-на «Жыл үздігі» атағы берілді, диплом 2023 жылғы 27 желтоқсанда бас дәрігер Е.Б.Султангереевке тапсырылды. Біз ұжымды осы лайықты марапатымен құттықтаймыз, бұл Ақтөбе медициналық орталығының барлық бөлімше қызметкерлерінің адал еңбегінің нәтижесі.