Дуниежүзілік пациенттердің қауіпсіздігі күні17 қыркүйек - Дуниежүзілік пациенттердің қауіпсіздігі күні, ол медициналық көмек көрсету
процесіндегі қателіктердің алдын алуға және инвазивті процедуралармен байланысты жағымсыз оқиғалардың қаупін азайтуға бағытталған. Халықаралык, қауіпсіздік мақсаттары Ақтөбе медициналық орталығының күнделікті тәжірибесіне енгізілді және біздің қызметкерлер қауіпсіздік пен сапа саясатына адалдық танытуда!
Ақтөбе медициналық орталығы құрылған алғашқы күннен бастап аккредиттеудің ұлттық стандарттарын енгізу саясаты белсенді іске асырылуда, медициналық көмектің сапасын басқару, әлеуетті тәуекелдерді басқару жүйесі жұмыс істейді және қауіпсіздік мәдениеті енгізілді. Әкімшіліктің бастамасы бойынша қызметтер мен бөлімшелер басшыларының қатысуымен 500-ден астам операциялық рәсімдердің стандарттары, штаттан тыс жағдайларда 50 іс-қимыл алгоритмдері әзірленді және енгізілді, сондай-ақ қауіпсіздік және сапа жөніндегі бағдарламалар мен саясаттар бекітілді, көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалаудың 54 индикаторы бойынша мониторинг жүргізіледі.