22.09.2023 жылы Ақтөбе медициналық орталығында заңгер комплаенс-офицер Нурмагамбетов Ильяс Тугелбаевич түсіндіру насихаттарын жүргізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңына сәйкес Ақтөбе медициналық орталығында бас дәрігердің бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізуді регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттар әзірленді және бекітілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – бұл Орталық қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттері:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптардың және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету
- «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру