ҚР ДСМ бірінші вице-министрінің сапары2023 жылдың 10 қарашасында облысымызға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Султангазиев Т.С. келді. Сапар барысында Тимур Сламжанұлы Ақтөбе медициналық орталығының жұмысымен танысты.
Бас дәрігер Е.Б.Султангереевтің қолдауымен қонақтар Орталық бөлімшелерінің қызметкерлерінің жетістіктерімен және жұмыстарымен танысты, күнделікті тәжірибенің өзекті мәселелерін талқылады. Келесі кезекте орталықтың қызмет басшылары мен бөлімшелерінің қызметкерлері делегация басшысы Т.С.Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне қатысты. Шараға денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.Қ.Исаев және облыстың медицина қауымының өкілдері де қатысты.