Қазақстан Республикасының 20 миллионыншы тұрғындары2023 жылдың 14 қараша күні дүниеге келген жаңа туған нәрестелер республикамыздың жиырма миллионыншы тұрғындары қатарына кірді. Еліміз үшін тарихи күнінде Ақтөбе медициналық орталығының перзентхана бөлімінде 13 бала дүниеге келді, оның 7-і қыз, 6-ы ұл. Атаулы оқиғамен құттықтау үшін біздің Орталыққа Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімінің орынбасары Ж.С. Төлегенов, Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Т.З.Лакова келді. Мерекеге орай Ақтөбе облысының әкімдігі аналар мен жаңа туған сәбилерге концерттік бағдарлама ұйымдастырып, сыйлықтар тарту етті.