2024 жылғы 30 қаңтарда Ақтөбе медициналық орталығында «Қазіргі контекстегі Пневмония: Бактерияға қарсы төзімділікті анықтау, диагностикалау, емдеу, алдын алу» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Іс-шара пневмонияны емдеу және алдын алу, антибиотиктерге төзімділік мәселелері бойынша білімді жақсартуға және тәжірибе алмасуға арналған.
Мастер-класс БҚМУ клиникалық фармакология кафедрасының жетекшісі Г. А. Смагулова, клиникалық фармаколог А.З. Мусина, докторант Н. Е. Аблакимова қатысуымен өткізілді.