2024 жылғы 10 ақпанда Ақтөбе медициналық орталығы базасында А.Н.Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР ДСМ бас хирургі Б.Баймахановтың қатысуымен облысымыздың хирургтар Қоғамының отырысы өтті.
Отырыстың модераторы №2 хирургиялық аурулар кафедрасының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Б.С.Жакиев болды, ол хирургиялық бейіндегі дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін инновациялар алаңы және білім базасы болып табылатын жетекші республикалық орталық - ҰҒХО-мен өзара жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Отырысқа М.Оспанов атындағы БҚМУ профессорлық-оқытушылық құрамы, қалалық, аудандық медициналық ұйымдардың хирург-дәрігерлері шақырылды. Кеңес отырысына АМО бас дәрігері Е.Б.Султангереев, АМО хирургиялық қызметінің жетекшісі Т.С.Суиндиков және біздің Орталықтың бейінді мамандары қатысты.
Айта кету керек, Ақтөбе медициналық орталығы мен ҰҒХО АҚ-мен ынтымақтастығының арқасында біздің дәрігерлерді республикалық орталық базасында оқыту және 2020 жылдан бастап бауырды фибросканирлеуді, 2023 жылдан бастап механикалық сарғаю кезінде эндоскопиялық декомпрессия әдістемесін сәтті енгізу мүмкін болды.
Қоғамның отырысының күн тәртібіне сәйкес Ақтөбе облысының штаттан тыс бас хирургы Т.О.Ельтековтің Ақтөбе облысының хирургиялық қызметінің 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есебі тыңдалды.
ҚР ДСМ бас хирургі Б.Б.Баймаханов А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО АҚ қызметі туралы, жаңа технологияларды енгізу туралы ақпаратты ұсынды, сонымен қатар облыс хирургтарының көрсеткен медициналық қызметтердің сапасын жетілдіруге және облыс халқына жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға қосқан зор үлесін атап өтті. Аталған іс-шарада өңірлік деңгейде хирургиялық қызметті дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, мамандар пікір алмасты.