Вернуться назад Распечатать

Инсульттің жедел терапиясы бойынша шебер-класс

29.02.2024ж. Марат Оспанов атындағы БҚМУ ҰАҚ неврология кафедрасының ассистенті, ОДСБ штаттан тыс бас невропатологы Ж.У.Урашева «Клиникалық хаттамаларға сәйкес ишемиялық инсультпен ауыратын науқастарға ем жүргізу» тақырыбында шебер-класс өткізді.

                                                             Шебер-класқа Ақтөбе медициналық орталығының  невропатологтары, реаниматологтары, кардиологтары қатысты, пікір алмасты, инсультпен ауыратын науқастарды бағыттаудың өзекті мәселелері, ишемиялық инсульт кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі, тромболитикалық терапияға және эндоваскулярлық әрекеттерге көрсеткіштер талқыланды.