Наурыз мерекесі қарсаңында Ақтөбе медициналық орталығының 10 жылдығына арналған іс-шаралар аясында оториноларингология бөлімшесі қызметкерлерінің (бөлімше меңгерушісі Б.А. Шағатаева) бастамасымен М.Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ оториноларингология кафедрасының қызметкерлері мен резиденттері бірлесіп қатысуымен қайырымдылық акциясы өткізілді.
Іс-шараның 14 наурызда - Көрісу күні (Амал мерекесі) өткізілуі символдық мәнге ие, бұл ежелгі дәстүр бойынша қарт адамдарға жақсылық пен амандық тілейтін «құрметтеу және қауышу күні». Оториноларинголог дәрігерлер № 1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындарына кеңес берді. Бұл мекемеде шамамен 215 адам тұрады, олардың басым бөлігі, өкінішке қарай, түрлі аурулар бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар. Мамандар есту қабілетінің бұзылуына, жұтуға, мұрыннан тыныс алудың қиындауына, дауыс функциясының бұзылуына шағымданған 30 пациентті тексеріп, одан әрі ем жүргізу бойынша толық ұсыныстар берді.
Айта кетерлік жайт, қайырымдылық акциясы қарттарға оториноларингологиялық кеңес беру мақсатында өткізіліп, оларға назар аудару ниетімен ұйымдастырылды, шағын концерт ұйымдастырылды және жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттер мен мейірімділік, жанашырлық, аға ұрпаққа деген құрмет көрсету ниетінде болды # көрісу күні құтты болсын! aktobemc