Ақтөбе медициналық орталығының перзентхана бөлімінде 2024 жылғы 17 наурызда сағат 00:00-ден 09:00-ге дейін 5 нәресте дүниеге келді: екі ұл және 3 қыз.
Наурыз мейрамын тойлау аясында және «Наурызнама» ұғымына байланысты 2024 жылдың 17 наурызында облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, АҚ бас педиатры Сарманова Н.А., Ақтөбе медицина орталығының бас дәрігері Е.Б.Сұлтангереев пен бас дәрігердің акушер ісі жөніндегі орынбасары А.Н.Ақатаева аналарды құттықтап, аналар мен жаңа туған нәрестелерге денсаулық тілеп, естелік сыйлықтар табыс етті. Әр шаңыраққа денсаулық, береке, мейірім тілейміз.