2024 жылғы 30 мамырда «Ақтөбе медициналық орталығында» екі пилоттық жақсарту жобасын іске асыру нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Жобалар 2024 жылдың қаңтарыңда облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Адам қауіпсіздігі институты» ЖШС мен Ақтөбе медициналық орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум негізінде жүзеге асырылды. «Цифрлық технологияларды енгізу негізінде көпсалалы аурухананың күнделікті тәжірибесінде оқыс оқиғаларды тіркеу» және «SOS орталық жобасы аясында жедел жәрдем мен инсульт бригадаларының ЖМҚАБ өзара іс-қимылын жақсарту үшін инсульт кодының чек-парағын цифрландыру» жобалары іске қосылып, сынақтан өтті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қ.Тымпиев жобаның ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, инсультпен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар инциденттерді басқарудың басымдылығын атап өтті. Конференцияның модераторы ретінде сөз алған бас дәрігер Е.Б.Сұлтангереев медициналық қызмет сапасын арттыру үшін пилоттық цифрлық технологиялардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.
«Адам қауіпсіздігі институты» ЖШС директоры В.В.Балбачан Облыстық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы мен біздің Орталық деңгейінде пилоттық жобаларға қатысқан кәсіби мамандардың біліктілігі мен жоғары деңгейін көтеруге дайын екендігін атап өтті.
Іс-шараға қалалық медициналық ұйымдардың ішкі аудит қызметінің өкілдері және ҚЕАҚ «БҚМУ» клиникалық базаның қызметкерлері шақырылды, Ақтөбе медициналық орталығының мамандандырылған бөлімшелерінің дәрігерлері мен медбикелері қатысты.
Пилоттық жобалардың нәтижелері туралы «SOS шұғыл байланыс» компаниясының өкілі Н.Мұхамедалиев, инсульт орталығының жетекшісі Н.К.Серікова, медициналық директор А.Б.Есенжулова баяндама жасады. Медициналық процестерді цифрландырудың стандартталған технологияларының тиімділігі тәжірибеде расталды.