Бүгін,12.06.2024ж. Ақтөбе медициналық орталығының конференц залында әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлерінің мерекесіне және орталықтың 10 жылдық мерей тойына орай "ҚЫЗМЕТІН ҰСЫНАТЫН ЕЛЖІРЕП, ДӘРІГЕР ДЕГЕН - АСЫЛ АДАМ КЕҢ ЖҮРЕК" атты салтанатты шара өтті.
Зал мереке тақырыбына сәйкес безендірілді. Шара ұжымдастарға мерекелік көңіл - күй сыйлап, мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен әдемі әнмен басталды.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Елеуов Ғ.А., облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тымпиев Н.Қ., "QAMQOR" Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы" ҚБ-ің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Сабыр Қ.Қ. қатысты. Қонақтар медициналық орталықтың қызметкерлерін мерекесімен және 10 жылдық мерей тоймен құттықтап, марапаттады.
Облыс әкімінің орынбасары Елеуов Ғ.А. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров-тың құттықтауын жеткізіп, "Ақтөбе медициналық орталығына -10 жыл" мерекелік медалдарын тапсырды.
Өз кезектерінде қонақтар Тымпиев Н.Қ., Сабыр Қ.Қ. құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік медальмен, облыстық "АМАНАТ" партиясының, Астана ау
даны әкімінің, "QAMQOR" ҚБ-нің марапаттарын иелеріне табыстады.
Ақтөбе медициналық орталығында орналасқан медициналық университеттің базалық кафедралары атынан профессор Б.С.Жакиев құттықтау сөз сөйлеп, сыйлық тапсырды.
Әдейі дайындалған мерекелік статуэткалар, орталықтың "Құрмет грамотасы" мен "Алғыс хаттарын" орталықтың бас дәрігері Е.Б. Султангереев, медициналық директор А.Б. Есенжолова, кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.А. Көптлеуов тапсырды.
Барлығы 140 қызметкерлер түрлі марапат иесі атанды. Шара ескерткіш суретке түсумен жалғасып, соңы патриоттық негізде "Ақтөбе" әнімен жабылды.