Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен Ақтөбе медициналық орталығында 2024 жылғы 28-31 мамыр аралығында облыс стационарларының анестезиолог-реаниматолог дәрігерлерге, неврологтарына, олардың ішінде біздің орталықтың анестезиолог-реаниматолог дәрігерлеріне оқыту ұйымдастырылды. Дәріскер ретінде медицина ғылымдарының докторы, КОАР төрағасы, SNAСС, ASA, ESA халықаралық қауымдастықтарының мүшесі, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог А.Ш. Жұмаділов шақырылды.
Семинардың ашылуында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы А.Ж. Балықов құттықтау сөз сөйлеп, сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде бейінді мамандардың біліктілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Оқу процесінде реанимация бөлімшесі жағдайында қарқынды терапияның өзекті мәселелері қозғалды: инсульт кезіндегі нейромониторингтің заманауи әдістері, әртүрлі генездегі ми ісінуі бар науқастарды басқару тактикасы, клиникалық жағдайлар талқыланды.