19 шілде 2024ж. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен және АҚҰ бастамасымен «Қазақстан жүрек жеткіліксіздігі мамандары қоғамы» (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас кардиологы, АҚҰ президенті Бекбосынова М.С.) Ақтөбе медициналық орталығында «Кардиология мектебі» өткізілді.
Мектеп аясында облыстағы медициналық ұйымдардың арнайы мамандары, соның ішінде орталығымыздағы кардиологтар, кардиореаниматологтар және функционалдық диагностика дәрігерлері кардиомиопатия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің диагностикасы мен емінің өзекті мәселелері бойынша дәріс тыңдап, эхокардиография бойынша шеберлік-класс сабағы өткізілді. Біз спикер-әріптестерге ҚФ UMC Жүрек орталығының ЭХОКГ - дәрігері Әбілдаева Р.С. және медицина ғылымдарының кандидаты, кардиолог Мырзахметова Г.Ш. тәжірибе алмасу және тамаша презентациялар үшін ризашылығымызды білдіреміз.