Травматология және ортопедия бөлімшесінің базасында м.ғ.д., Сент-Луис университетінің профессоры Жолдас Құлжановтың қатысуымен металл объектілерді алып тастау, созылмалы остеомиелитпен 32 жастағы пациентте бактерияға қарсы затпен цемент орнату бойынша операция жүргізілді.

Операциялық бригада құрамына біздің орталықтың бейінді мамандары қатысты: травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Р.М. Салимов, реанимация бөлімшесінің басшысы К.К. Ермағамбетов. Травматология және ортопедия саласындағы инновациялық технологияларды қолданудың өзекті мәселелері бойынша травматологиялық бейіндегі дәрігерлер үшін тәжірибе алмасты.