Ақтөбе медициналық орталығының базасында ҚР ДСМ транспланттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталық директорының орынбасары Назгүл Жилгельдинаның төрағалығымен қайтыс болғаннан кейінгі донорлық мәселелері бойынша Өңірлік кеңес өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасында орган донорлығы мен транспланттауды үйлестірудің жай-күйі мен даму перспективалары болды. Айта кетейік, Ақтөбеде 2014 жылдан бері мәйіт донорлығы арқылы бірнеше операция жасалып, оның барысында 9 адам құтқарылды, мұндай соңғы операция 2018 жылы өтті.