Ақтөбе медициналық орталығына 2024 жылғы 20 қыркүйекте "Proffesional" ҰТО (Алматы қ.) қолдауымен білім беру циклі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дербестендірілген есепке алуды енгізудің өзекті мәселелері бойынша оқыту үшін кардиологиялық орталықтың қызметкерлері келді (Орал қ.).
Әріптестер Госпитальдық фармация бөлімшесінің жұмысымен танысты, бейінді мамандардың қатысуымен көп бейінді стационар тәжірибесінде ресурс үнемдеу технологиясы жобасын іске асыру бойынша оқыту жүргізілді.