«Ақтөбе медициналық орталығы» МАЖ «Дамумед» және 1С Бухгалтерия жүйесін біріктіру жобасын жүзеге асыруда. Бірінші кезеңде пилоттық режимде эндокринология бөлімі персоналы оқытудан кейін жобаға қосылды, одан кейін нейрохирургия және жоспарлы хирургия бөлімдері. Бүгін барлық клиникалық бөлімшелердің дәрігерлері мен медбикелеріне дәрілік заттарды есептен шығаруды тағайындау тәртібі туралы семинар өтті.
Айта кету керек, біздің орталық 5 жылдан бері дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дербестендірілген есебін жүргізіп келеді. Жалпы, бұл интеграция ақпараттық жүйелер арасында дәрілік заттардың саны мен құны туралы мәліметтер алмасуды және олардың дәріханадағы қалдықтарын есепке алуды қамтамасыз етеді. Спикер ретінде жоба менеджері А. В. Купарева шақырылды, қатысушыларға презентация көрсетілді және онлайн-режимде Цифрлық деректерді енгізу бойынша нұсқаулық өткізілді.