10.10.2024ж. Ақтөбе медициналық орталығынында ҚР кәсіподақтар күнін атап өту шарасы өтті.
Жиынға орталықтың бас дәрігері Қ.Қ. Жетібаев, орынбасары С.А.Ишниязов, сала жетекшілері м.ғ.к. З.С.Хайруллина, А.Ш.Ибраева және кәсіподақ комитетінің мүшелері мен ұжымның белсенді мүшелері қатысты. Кәсіподақ төрағасы Ж.А.Көптілеуов кәсіподақ ұйымы мен жұмысы туралы ақпарат жасады.
Біздің орталық өңірдегі ең ірі медициналық ұжым - 800 астам қызметкер жұмыс жасайды.
Барлығы бір ауыздан кәсіподақ мүшелігіне кірген. Кәсіподаққа мүше болу, өз әлеуметтік жағдайын жақсарту мен бірге, өзге әріптесінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға қол ұшын беру деп түсінген жандар. Ұжым кәсіподақтың көмегін терең сезініп, өздерінің қамқоршысы ретінде бағалауда. Өткен кезеңге орталықтың 18 қызметкерлері емдеу сауықтыру орнында демалды, қызметкерлердің 12 баласы жаздық балалар лагерінде жолдама алды. 61 қызметкерге материалдық көмек көрсетілді, 45 жанұяға "Мектепке жол" акциясы бойынша қайырымдылық көмек жасалды.
6 қызметкерге су тасқынынан зардап шеккені расталып, материалдық шығыны өтелді. Басқада көңілге қонымды жұмыстар туралы кәсіподақ мүшелері ақпарат алды. Бас дәрігер Қ.Қ.Жетібаев, бөлім басшысы З.С.Хайруллина құттықтау сөз сөйлеп, өз сөздерінде "QAMQOR"Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы"ҚБ-ің (Қ.Қ.САБЫР-ға) жұмысына ризашылықтарын білдіре отырып, кәсіподақ бірлестігінің болашақ жұмысына үлкен сеніммен қарайтындарын атап өтті. Соңынан комитеттің барлық мүшелеріне және белсенді мүшелеріне орталықтың әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы атынан АЛҒЫС хаттар, ақшалай сыйлық тапсырды.