Ақтөбе медициналық орталығында 17 қараша - Халықаралық шала туған балалар күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге Ақтөбе медициналық орталығының неонатальды қызметінің дәрігерлері және резидент-неонатологтары атсалысты. Сондай ақ "Нутриция", "Биолайн" компаниялары және "28 петель" Актобе еріктілер ұйымы да өз көмектерін көрсетіп, үлес қосты.
Халықаралық шала туған балалар күнін 2011 жылы Еуропалық жаңа туған нәрестелерді күту қоры (European Foundation for the Care of Newborn Infants) March of Dimes ұйымы, Little Big Souls халықаралық қоры, сондай-ақ Австралияның шала туған балалар аналарының Ұлттық Қоры құрған.
Егер бала жүктіліктің 37 аптасына дейін туылса, шала туылған деп саналады.
Шала туған балаларға ерекше күтім қажет. Оларды кезең-кезеңімен күтуді неонатологтер алдымен перзентханада, содан кейін балалар ауруханасы мен емханада жүзеге асырады. Оларға күрделі аппараттар, қымбат дәрі-дәрмектер, жоғары білікті медициналық қызметкерлер және, әрине, ата-аналардың шексіз махаббаты мен шыдамдылығы қажет.