25 қараша 2024ж. Ақтөбе медициналық орталығына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Т.М. Мұратов жұмыс сапарымен келді.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қ.Тымпиев, бас дәрігердің м.а. Қ.Қ.Жетібаев, қызметтер басшыларымен бірге вице-министр Мұратов Т.М. құрылымдық бөлімшелердің жұмысымен танысып. Операциялық блоктың қызметкерлерімен, хирургиялық қызметтің, урология бөлімшесінің қызметкерлерімен және БҚМУ М. Оспанов атындағы урология кафедрасының м.ғ.д., профессоры О.М.Курмангалиевмен кездесу өтті. Сапар барысында жетістіктер, негізгі статистикалық көрсеткіштер туралы медициналық директор А. Б. Есенжулова баяндама жасады орталықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.