ОКҚ брифингінде Асхат Шахаров ұлттық жобалар аясында Ақтөбе облысында 12 мектеп пен 29 медициналық нысан салынып жатқанын айтты. Биыл 5 жаңа мектеп ашылды, жыл соңына дейін тағы 7 мектеп пайдалануға беріледі. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы бойынша 22 меднысан іске қосылып, тағы 7 нысан жыл соңына дейін ашылады. Сондай-ақ телемедицина, PACS жүйесі және жедел жәрдем көліктерін онлайн мониторингтеу енгізіліп, денсаулық сақтау саласы цифрландыруда.
https://www.instagram.com/reel/DRQ_95BDBz8/?igsh=eW4zMDFudDhydW42