Дүние жүзілік мейірбике күнін мерекелеу қарсаңында, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Медицина қызметкерлерінің облыстық кәсіподағы медбикелер арасында, кәсіби шеберлік байқауынұйымдастырды.Байқауға қалалық және аудандық медициналық мекемелерден 18 мейірбике қатысты. Байқау екі кезеңде өткізілді - тестілеу және тәжірибелікдағдылардыбағалау. Байқау қорытындысы бойынша Ақтөбе медициналық орталығының балалар ауруханасының травматология бөлімінің медбикесі Юлия Жұмабаевна Ибраева жоғары нәтижелер көрсетті және сенімді түрде1-ші орынды жеңіп алды.
Ю. Ж. Ибраева медициналық колледжде оқуын аяқтағаннан кейін, балалар ауруханасының травматология бөліміне медбикеретінде қабылданды және 10 жыл бойы осы бөлімшеде жұмыс істеп келеді,таңу кабинетінің мейірбикесі міндетін атқарады, практикалық дағдыларды меңгерген білгір мейірбике, ұжымда беделді, оны кішкентай пациенттер ілтипаты мен қамқорлығы,әр кезде көмектесуге дайын екендігі үшін жақсы көреді. Юлия Ибраеваның маманретіндежәне кәсіптік өсуінің қалыптасуына, оның тәлімгері-травматология бөлімінің аға мейірбикесі, ал 2018 жылдан бастап балалар стационарының бас мейірбикесі Г.С. Сапарованың маңызды рөлін атап өту керек. Ю.Ж. Ибраеваның пікірінше – «өз жеңісінеол жоғары білікті, өз ісінің кәсіпқой маманы, медбике Гульжайан Сатыболдиевна Сапаровадан алған білімі мен дағдыларының арқасында жеткенін»атап өтті.
А. Досжанова атындағы мәжіліс залында, салтанатты жағдайда, Дүние жүзілік мейірбике күніне арналған мерекелік іс-шарада Ю.Ж.Ибраеваға жеңімпаз куәлігі мен шипажайға жолдама берілді!
Мейірбике Ю. Ж. Ибраеванышын жүректен лайықты жеңісімен құттықтаймыз.
Ақтөбе медициналық орталығының ұжымы өз медбикелерін мақтантұтады және олардың жұмысын жоғары бағалайды!