24 тамызда Ақтөбе медициналық орталығының көппрофильді ауруханасы базасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа үлгісі бойынша "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»" ҰАҚ филиалының қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Орталықтың медицина қызметкерлері үшін бөлімінің басты маманы К.М. Мұқашев «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» таныстырымын ұсынды.
Сөз сөйлеуші Елбасы Н.Назарбаевтің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы негізіндеденсаулық сақтауды одан әрі дамытудың негізгі басымдықтарын белгіледі, атап айтқанда: «Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағыт алуға тиіс. Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа моделін әзірлеу қажет. Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады».
Үш деңгейлі медициналық көмек жүйесі ұсынылған: ТМККК, МӘМСжәне басқа қаржыландыру көздері.
Ең төмен әлеуметтік стандарт - ТМККК әр адамның жедел және шұғылжағдайларына көмектесуге, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін маңызды ауруларды бақылауға бағытталады:
üайналадағы адамдар үшін қауіпті жұқпалы аурулар.
МӘМС жүйесі сақтандырылған адамға кепіл болады (ТМККК-нен астам) – екінші пакет: әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсартатын медициналық көмекжәне салауатты болашақ үшін негіз қалауға көмектеседі.
Үшінші пакет - қосымшакөлем (қаржыландырудың басқа көздері):