2018 жылдың 27 қыркүйегінде Ақтөбе медициналық орталығының Бақылау кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде медициналық орталықтың өзекті мәселелері талқыланды. Бақылау кеңесінің мүшелерінің бірауызды шешімімен Кеңестің жаңа хатшысы болып З. С. Хайруллина тағайындалды (бұрынғы хатшының өзқалауы бойыншажұмыстан босатылуына байланысты).
Орталық басшылығы еңбекақы төлеу туралы типтікережеге өзгерістер енгізу,оның негізінде кіші медициналық персоналға еңбекақы беру жүйесін қайта қарау мүмкіндігі туралы талқылады.
Қазақстан Республикасының"Мемлекеттік мүлік туралы« Заңына сәйкес (138 б.2 т.), „Еңбекке ақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде дербес айқындайды“. Ішкі ресурстардың тиімді басқару арқылы, кіші медициналық қызметкерлердің еңбек ақысын төлеудің жаңа жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, 2019 ж. штат кестесін оңтайландыру бойынша ұсыныстар талқыланды. Жалпы, Бақылау кеңестің отырысы кеңестің мүшелері мен жұмыс берушінің өкілдері арасында белсенді пікір алмасуға негізделген жемісті еңбек жағдайында өтті.