Ерлер денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және «Мобильді кластер» акциясының шеңберінде 2018 жылдың 2 қазанында Ақтөбе медициналық орталығының көпбейінді ауруханасының базасындаБайғанин ауданының тұрғындары үшін бейінді мамандардың қабылдауы ұйымдастырылды.
Акция барысында практикалық дәрігерлер мен М.Оспанов атындағы БҚММУ урология кафедрасының қызметкерлері 45 жастан 60 жасқа дейінгі 25 ер адамды тексерді. Диагностикалық мақсаттарда ішек қуысының және зәр шығару жүйесінің ультрадыбыстық зерттеуі, көрсеткіштер болған жағдайда асқазан-ішек жолдарының эндоскопиялық зерттеулері мен зертханалық және биохимиялық талдаулар жүргізілді. Атап өту керек, барлық жүгінген пациенттерге, медицина ғылымдарының докторы, жоғарғы санаттағы уролог-андролог дәрігер О.М. Құрманғалиев кеңес көрсетті.
Зерттеу барысында тексерілген адамдарар асында урологиялық патология, асқазан-ішек жолдарының аурулары анықталды, барлық пациенттер тиісті мамандардың (уролог, андролог, гастроэнтеролог) толық ұсыныстарын алды.