21 қараша 2018 жылы Ақтөбе облысында Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаева және облыс әкімінің орынбасары М.Е. Абдуллиннің қатысуымен ана мен бала өлімін төмендету бойынша шұғыл шараларды қабылдау бойынша Республикалық штабтың, Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Республикалық штабтың және Үйлестіру кеңесінің отырысы Ақтөбе медициналық орталығының көпсалалы ауруханасының базасында өтті.
Ана мен бала өмірін қорғау облыстық денсаулық сақтау саласындағы басымды міндет болып табылады.2018 жылдың 10 айында Ақтөбе облысында 16468 босану (босанудың жалпы санының 5,1%) болды.Облыста жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге медициналық көмек көрсету үшін 264 акушерлік кереует бар.Облыстағы акушер-гинекологтардың саны - 91,7%, неонатологтар - 97%, реаниматологтар - 87,5% құрайды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 25 резидент оқудан өтіп, оқуын аяқтағаннан кейін облыстық медициналық мекемелерде жұмыс істей бастайды.Акушерлік ұйымдардың жабдықтары жақсарды, биылғы жылы жергілікті бюджеттен 373 млн. теңге сомасына жабдық сатып алынды. Штаб және Үйлестіру кеңесіне дейін Денсаулық сақтау министрлігі мен Республикалық орталықтардың жетекші мамандарыапта бойы қалалық және аудандық медициналық мекемелерге барып, жағдайды зерделеп, медицина қызметкерлерімен әдістемелік түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түстен кейін Ақтөбе облысында өткір миокард инфарктісінде, жедел инсультта, жарақаттармен және онкологиялық ауруларда, сонымен қатар хирургиялық және шұғыл медициналық қызметтердің жұмысында медициналық көмек көрсетудің кешенді моделін іске асыру бойыншаҮйлестіруКеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Кездесу барысында Республикалық штаб және Үйлестіру кеңесі Ақтөбе облысына медициналық көмек көрсету бойынша басқару шешімдерін қабылдау үшін егжей-тегжейлі ұсынымдар берді. Айта кету керек, бейінді мамандардың ұсыныстары Интернет арқылы тікелей эфирде көрсетілді.