Аккредитация стандарттарының талаптарына сәйкес медициналық көмектің сапасын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру аясында Ақтөбе медициналық орталығының қызметкерлері «Ұлттық аккредиттеу жүйесіндегі халықаралық тәжірибенің негізгі қағидалары (JCI, ISQua)» тақырыбында оқытудан өткізілді.Семинар ДСДРО-ның аккредитация Орталығы базасында (Астана қаласы) 2019 жылғыақпанайының 18-22 күндері аралығындаөткізілді және «American Gulf International» (AGI)-мен бірлескен денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау жөніндегіконсультанттар мен сарапшылар» Қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылды. Дәріскер ретінде «AGI» халықаралық консультант - профессор Асcаф Ф. Аль-Ассаф шақыртылды.
Оқыту Қазақстанның түрлі өңірлерініңсыртқы кешенді бағалау жөніндегі консультанттары мен сарапшылары үшін ұйымдастырылды, топтың құрамында Ақтөбе облысының медициналық мекемелерінен (№2, №3, №4 қалалық емханалары, ЖМКА, Байғанин ОАА, «Aktobe Medical Center») 8 сарапшы оқытылды.
Профессор Ассаф тыңдаушылар үшін ұлттық аккредитацияның жаңартылған стандарттарын ҚР ДСМ-нің 05.06.2018ж. күнгі №325 «ҚР ДСМ-нің02.10.2012ж. күнгі №676 «Медициналық мекемелердің аккредитация стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес толығымен түсіндірді.
Бұл аккредиттеу стандарттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарын, халықаралық аккредиттеу стандарттарын, денсаулық сақтаудағы Халықаралық қоғамның (бұдан әрі - ISQua) талаптарын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін ескере отырып әзірленгенін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, семинар барысында сарапшылар JCI (Joint Commission International) аккредитацияның халықаралық стандарттарын үйренді. JCI медициналық мекемелерді аккредиттеу бойынша ірі халықаралық ұйымдардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, медициналық ұйымдарды аккредиттеудегі басты басым пациенттердің қауіпсіздігін арттыру болып табылады.
Семинарға қатысушылар корпоративтік басқару, кадрларды басқару, дәрі-дәрмектерді өңдеу және сапаны басқару саласындағы озық тәжірибелер туралы білімдерін жетілдірді, соның ішінде медициналық қателерді болдырмау және оны анықтау, алдын-алу, инфекциялық бақылау, антибиотикті пайдалануды қадағалау және пациенттердің қауіпсіздігінің халықаралық мақсаттарын жүзеге асыру. Семинар соңында тест жүргізу жолымен білімі тексеріліп, барлық қатысушыларға сертификат табысталды.
Ақтөбе облысының сарапшылары атынан профессор Ассафқа және оқытуды ұйымдастырушылар: ДСДРО бас директоры А.Т.Айыпхановаға, Б.Т.Каупбаеваның жетекшілігімен аккредитация Орталығының барлық қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.
Бұл тренинг медициналық қызмет көрсетудің барлық сатыларында аккредиттеу стандарттарын белсенді енгізуге мүмкіндік береді, бұл Қазақстандағы медициналық ұйымдардың жұмысының сапасы мен дамуының өте жоғары деңгейін білдіреді.