2019 жылғы 30 қаңтар күні Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асет Аскерович Калиевтіңтөрағалықетуімен Ақтөбе медициналық орталығында жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңестің күн тәртібінде орталықтың медицина персоналдарының және М.Оспанов атындағы БҚММУ кафедра қызметкерлерінің қатысуымен Ақтөбе медициналық орталығы бөлімшелерінің қызметініңқорытындылары талқыланды.Көпсалалы стационардың медициналық директоры А.Б.Есенжулова, балалар стационарыныңмедициналық директоры Е.Б.Султангереев, кеңес беру-диагностикалық орталығының медициналық директоры А.Я.Бижанова есептік баяндамаларын жасады.
Ақтөбе медициналық орталығы құрамында 22 бейін бойынша медициналық көмек көрсететін, ересектерге арналған сөпсалалы стационар, сонымен қатар мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек шеңберінде балалар стационарыжұмыс жасайды.
2018 жылы медициналық қызметтердің ауқымын кеңейту және қолданыстағы қажеттіліктерді ескере отырып, Денсаулық сақтау басқармасының келісімі бойынша ересектерге арналған стационарда 60 орынға және балаларға арналған 23 кереуетке дейін кереует қоры қайта қаралды.
Ауруханалардың құрылымында біздің облыстың басқа медициналық мекемелерінде теңдесі жоқ бірнеше бөлімшелер бар екенін айта кету керек.
Атап айтқанда: трансплантология, балалар кардиохирургиясы, неонаталды хирургия, балалар ауыз қуысы хирургиясы, тамырлы хирургия, кеуде хирургиясы, пульмонология, эндокринология, оториноларингология, урология, ревматология, гастроэнтерология, аритмология.
Сонымен қатар, ересектер стационарының құрылымында перинаталдық көмекті өңірлендіруіне сәйкес III деңгейлі акушерлік және гинекологиялық қызметі, IIдеңгейдегі инсульт орталығы жұмыс жасайды.
2018 жылда стационарларда барлығы 24 869пациент емделді, оның ішінде 14 261 балалар,8500 астам операция, оның ішінде 52% балаларға жасалды.
Есепті кезеңде 23 300 пациентке консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілді, оның 61% облыстың балаларына көрсетілді.
Соданкейін бас дәрігер Рустем Канапиевич Исаев орталық жұмысының қорытынды туралы баяндама жасады. Медицина орталығы құрылғаннан бастап осы уақытқа дейін 57 498 науқас емделіп шықты, оның ішінде 33 368 ересектер және 24 130 балалар, барлығы 1076 жоғары технологиялық медициналық қызмет орындалды,оның ішінде ересектерге-871 қызмет,балаларға-205 қызмет.
Кеңес соңында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.А.Калиев сөз сөйледі, өз сөзінде ол есеп беру кезеңінде медициналық орталықта үлкен жұмыстар атқарылғанын, жаңа технологияларды енгізу арқылы облыстың тұрғындарына және көршілес аумақтарға медициналық көмек көрсету ауқымын кеңейтуге баға жетпес үлес қосты деп толықтырды.
Сонымен қатар, ол көрсетілетін қызметтердің төмен тарифтеріне, медицина қызметкерлерінің кадрлар тапшылығына, медициналық қызметтердің сапасына қанағаттанушылық дәрежесіне қатысты бірқатар проблемалық мәселелерді атап өтті.
Бөлім басшысы жақын аралықтағы өңірлік денсаулық сақтау жоспарларын, атап айтқанда, көп салалыауруханасы аумағындасалынып жатқанCheck-up орталығыжәне позитронды-эмиссиялық томография Орталығын пайдалануға беру туралы жариялады. Одан басқа да, балалар стационарының аумағында 100 кереует орынға онкогематологиялық орталығының құрылысы жалғасуда (жобаның құны – 4,4млд.теңге). Сонымен қатар жаңа Перинаталды орталықтың(құны – 15,7млд.теңге), ғимараттарын салу бойынша жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ балалар клиникасына жақын орналасқан.
Одан басқа, балалар стационарының аумағында 100 кереуеттік орынға балалар онкогематологиялық бөлімшесініңқұрылысы жалғасуда (жобаның құны - 4,4 млд.теңге).Сонымен қатар, бір мезгілде,балалар клиникасына тікелей жақын жерде жаңа Перинаталдық орталықтың ғимаратын салу жұмыстары да жүргізілуіде (құны - 15,7 млд.теңге).
Медициналық көмекті одан әрі жетілдіру шеңберінде балалар ауруханасы, облыстық перинаталдықорталығы және «Аяла» балаларды оңалту орталығы (биылғы жылы пайдалануға берілген) «Ана менбала» көпсалалы клиникалық орталығын құру жоспарланып отыр.
Жаңа нысандар болашақ демографиялық, экономикалық және әлеуметтік әлеуетінің негізін құрайды, бұл халыққа медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз етеді.