Вернуться назад Распечатать

Ақтөбе медициналық орталығындағы «Ашық есік күндері»



2019 жылдың 5-6 сәуір күндері Ақтөбе медициналық орталығының Кеңес беру-диагностикалық орталығы базасында «Мобильді кластер» жобасының шеңберінде және Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды.

5 сәуір күні Ырғыз ауданынан 24 әйел тексеріліп, оларға онколог, маммолог, эндокринолог, гинеколог мамандарының кеңес беру қабылдауы болды. Ауыл тұрғындарына аспаптық тексеруден өту мүмкіндігі берілді: ультрадыбыспен қалқанша безі және сүт бездері, кольпоскопия, ФГДС.



Темір және Хобда аудандарына тіркелген халқы үшін және 22 тұрғындарына келесі бейінді мамандардың: гинеколог, окулист, уролог, хирург, травматолог, жалпы тәжірибелі дәрігер, невропатолог, кардиологтыңамбулаторлық қабылдауы жүргізілді.



Қалқанша безінің, сүтбезінің, іш перде қуысының, эхокардиографияның, электрокардиографияның, маммографияның ультрадыбыстық зерттеуі жүргізілді. Барлық келушілерге дәрігерлер әрі қарай емдеуге толық ұсыныс берді