Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында Ақтөбе медициналық орталығының балалар стационарындағы емханада ашық есік Күні ұйымдастырылды. Қайырымдылық акциясы шеңберінде хирург, педиатр, неонатолог, эндокринолог, гематолог, логопед, кардиолог, оториноларинголог, невропатолог, гастроэнтеролог, аллерголог, нефролог дәрігерлерінің консультативтік қабылдауы жүргізілді.
Кішкентай пациенттер емдеудің бұдан арғы тактикасы бойынша толық ұсынымдар алды, сонымен қатар 195 медициналық қызмет көрсетілді