ШЖҚ «Aktobe Medical Center» МКК-ны құрамына кіретін кеңес-беру диагностикалық орталық базасында «Ашық есік күні» қайырымдылық акциясы жалғасуда.
7 желтоқсанда консультативтік қабылдауды түрлі бейінді жоғары білікті мамандаржүргізді: невропатолог, эндокринолог, оториноларинголог, травматолог, гастроэнтеролог, уролог, аллерголог, пульмонолог, терапевт. Жүгінген пациенттердің 58%-ы ауыл тұрғындары. Пациенттердің көпшілігі невропатолог, лор дәрігері, эндокринологтың қабылдауда болды.
КДО — біздің өңірде ірі диагностикалық орталықтарының бірі болып табылады, күнделікті тәжірибеде түрлі мамандардың кеңесі, зертханалық сынақтар, аспаптық зерттеулер, соның ішінде медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынады. Халыққа қайырымдылық акцияларын өткізу — бұл медициналық мекемедегі дәстүрлі іс-шара.