2019 жылғы 5 желтоқсанда Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэ Сик мырза Ақтөбе медициналық орталығының көпсалалы стационарында жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында құрметті қонақ бас дәрігер Р.К. Исаевтың алып жүруімен Check-up орталығы құрылысының барысымен және Қазақстан Республикасы ДСМ-нің дәрі-дәрмектер мен триаж жүйелерін дербес есепке алу бойынша пилоттық жобалары аясында заманауи технологиялардың енгізілуімен танысты.
Қонақ медицина мұражайына барды. Елші Ким Дэ Сик үлкен қызығушылық білдірді және Қазақстан мен Корея Республикасының медициналық қауымдастықтары арасындағы жемістіынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенімінбілдірді.