Ақтөбе медициналық орталығының көпсалалы стационарында медициналық персоналды шұғыл шақыру «SOS» жүйесі сәтті жұмыс жасайды. Бұл жүйе қабылдау бөлімшесіндегі пациенттерге 3H сұрыптауды жүзеге асыру аясында, жедел медициналық көмектің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған, сонымен қатар салалы бөлімшелерде шұғыл жағдайларда пациентке дәрігер мен мейірбикені шақырту үшін қолжетімді.
Цифрлық технологияны енгізбес бұрын орталықтың ғимараттарында орналасуының техникалық артықшылықтарын ескере отырып, блоктарды орнатуға арналған жұмыс орындарын таңдау, сонымен қатар бөлімше қызметкерлерін оқыту бойынша «Medical System SOS» ЖШС-мен бірлескен жұмыс жүргізілді.
Шұғыл көмек бөлімшесінде (Emergency Department) мобильді құрылғылары (телефондар) бар салалы мамандарды шұғыл шақыру түймелерімен блок орнатылған. Жүйеде "SOS"батырмасы бар блок орнатылған, палатадан пациент пен персонал арасындағы қашықтықтағы байланысты білезік/бейдж көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте бағдарламалық қамту шұғыл шақыру түймесі бар әрбір блоктың мәртебесін, жүйені пайдалану бойынша статистиканы бақылайды.
"SOS" жүйесін енгізу негізінде ішкі аудит қызметі шұғыл медициналық көмек көрсету үшін бейінді маманды шақырудың сапасы мен уақтылылығына үнемі бағалау жүргізетінін атап өткен жөн.